Факультет: Ж. М. Топ: 09-402/1 Алматы 2012


ГИПО- ЖӘНЕ АПЛАСТИКАЛЫҚ АНЕМИЯЛАР



бет4/5
Дата11.11.2022
өлшемі3,53 Mb.
#49319
1   2   3   4   5

ГИПО- ЖӘНЕ АПЛАСТИКАЛЫҚ АНЕМИЯЛАР

  • Сыртқы себептерге радий сәулесінің, токсинді заттардың, кейбір дәрі-дәрмектердің, вирусты инфекциялардың және т.б. әсері кіреді. Бұл әсерлер нәтижесінде гемопоез біраз бұзылғанымен, қан жасаушы элементтер бүтіндей жойылып кетпейді. Сондықтан сүйек майының арасында жас қан элементтері де көрінеді. Қан жасау үрдісінің бұзылуына байланысты көп ағзаларға, шырышты және сірі қабықтарға қан құйылады (геморрагиялық диатез). Сүйек майын ісік метастаздары немесе сүйек тіні (остеосклероз) басып қалғанда да анемияның осы түрі дамиды.

КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ

  • Анемиялық синдроммен ауыратын науқастардың жиі кездесетін шағымдары:бастың ауруы,бас айналу,құлақтағы шуыл,ентігу,жүректің жиі соғуы,ашуланшақ,ұмытшақтық,әлсіздік.

АНЕМИЯНЫ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОДАН САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ

  • Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көкбұршақ, асбұршақ, жасымық (чечевица), қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар. Сондай-ақ асты темір қазан, құтыларға пісіргеннің пайдасы зор. Организмнің темірді сіңіріп қабылдауы үшін негізгі тағамға қоса көкөніс пен жеміс-жидек жеген дүрыс, кофе мен шәйді тамақтанып болғаннан соң ішу керек.
  • Анемияның қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты таблеткалары). Бұны, әсіресе, анемиямен зардап шегетін жүкті әйелдер ішуі керек. Анемияның барлық түрінде де темір сульфаты таблеткалары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспалы дәріні әдетте ектіру арқылы емес, таблетка түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ

Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.

  • Егер анемия іш сүзегі (іштен қан өту) салдарынан нематода жұққаннан, безгек зардабынан пайда болса, онда адамды анемиямен ауыруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.
  • Анемия ауыр формаға ауысып, ем қонбаған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көрінген жөн. Бұл әсіресе жүкті әйелдерге қатысты.
  • Әйелдер арасында анемиямен ауыратындары көп. Мұндай сырқатпен ауырған әйелдерде түсік тастау және босанған кезде қатты қансырау қаупі зор. Әйелдердің темір қоспасы көп тағамдарды мүмкіндігінше көбірек ішіп-жегені дурыс, әсіресе жүкті кезінде дурыс, жақсы тамақтануға мән бергендері жөн. Жүктіліктің арасына 2-3 жыл уақыт салу әйелге күш жинап, денсаулығын нығайтып алуға мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет