Қорытынды: Қазіргі таңда мұнай өндірісінің қарыштап дамуының нәтижесінде өндірудің тиімді тәсілдері ойлап табылуда. Мұнайды өндіру бар да, өңдеу бар. Сонымен мұнай өңдеу заводтарында технологияық процестер екі топқа бөлінетінін білдік: физикалық және химиялық. Курстық жұмысқа арқау болған физикалық өңдеу, яғни ректификация әдісі. Ректификация – мұнайдан қайнау температуралары өзара біршама жақын жататын фракцияларды алу үшін қолданады. Қазіргі кезде көптеген таза қосылыстарға сұраныстың көбеюіне байланысты ректификация процесі кең қолданыс тапқан процестердің бірі. Ректификация процесінің қолданыс аясы кең және тиімді екенін байқадық. Аталмыш процесс мұнай фракцияларын бөлуде, таза еріткіштер мен әр түрлі қосылыстар алуда қолданылатынын білдік.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
2.Ж.К.Қайырбеков, Е.А.Әубәкіров, Ж.К.Мылтықбаева. Жалпы химиялық технология.- Алматы, 2014 – 280 б
3. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003.