аргон әдісі. Бұл әдіс керісінше жасы ерте кезеңді қамтитын
ескерткіштерді
анықтауға арналған.
Калий-Аргон әдісі
– изотопты уақытнама әдісінің бірі.
Ежелгі ертетасты зерттеуге қолданылады. Уақытнаманың бұл әдісінің физикалық
негізі атом салмағы 39 калийді атом салмағы 40 калийге және бұл бөлшектің сол
салмақтардағы кальций және аргонға айналуында. (39К – 40К – 40 Са – 40 Аr)
40K изотопының жартылай ыдырау мерзімі орта есеппен 1,25 млрд жыл. Демек
алғашқы археологиялық дәуірлердің қалдықтарын
осы әдіспен зерттеуге
мүмкіндік туады. Калий – аргон әдісінің 400 мың жылдан бұрынғы заттардың
уақытын анықтау қолайлы болып табылады. 100-400 мың жыл аралықты
анықтауда ауытқулар яғни сәйкессіздіктер ұлғаяды. Ал 100 мың жылдан бергі
ескерткіштерді зертеу бойынша бұл әдіспен анықтау өте қиын.
Археологияда
археологиялық әдіс те қолданылады. Кез келген тау жыныстарының, соның
ішінде саздың құрамында ферромагниттік қоспалар бар. Сазды 670°-қа дейін
қыздырғанда
оның магниттелуі жоғалады, ал суыған кезде ол қайтадан пайда
болады және бұл жағдайда магниттік сызықтардың шамасы мен бағыты
бойынша ол саздың осы кезде болған жердің магнит өрісіне сәйкес болады. Өнім
салқындатылғанда жердің магнит өрісі үнемі өзгеріп отырады. Салқындатылған
үлгідегі магниттік сызықтардың бағытын анықтау
және жердің магнит өрісінің
секулярлық вариацияларын білу арқылы бұл үлгінің мерзімі мен кезеңін
анықтауға болады. Ескерткіштердің мерзімін ағаштардың өсу сақиналары
арқылы да анықтауға болады. Бір елді мекендегі бір түрдегі ағаштарда жылдық
сақиналардың қалыңдығы сәйкес келетін ауытқуларға ие. Бұл заңдылықты
анықтай отырып, берілген ағаштың екіншісіне қатысты қанша
жыл бұрын немесе
кейін кесілгенін анықтауға болады. Ол үшін ағаш конструкциялардың
бөренелерінің көлденең кесінділері жасалады, соған сәйкес ескерткіштердің
салыстырмалы мерзімі анықталады. Бір немесе бірнеше үлгілердің дәл күні
болса, онда абсолютті мерзім күні анықталады.
Сүйектер құрамындағы фтор бойынша да заттарды мерзімдеу жүзеге асады.
Сүйек неғұрлым үлкен болса, соғұрлым оның құрамында фтор көп болады. Тағы
бір әдіс – сүйектің минералды және минералды емес бөліктерін анықтау, яғни
сүйек неғұрлым үлкен болса, онда органикалық заттар аз қалады.
Келесі хронологиялық жіктеу әдісі бол типологиялық әдісі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: