Дисплей (монитор) – деректерді көрсетіп ұсынатын құрылғы. Ол информацияны шығарудың ең танымал құрылғысы болып табылады.
Оның негізгі тұтыну параметрлері – экран қалқасының (маска) мөлшері мен қадамы, кескінді қайта өндірудің (регенерация изображения) ең көп шамадағы жиілігі, қорғаныс класы.
ЭСТ – монитор Сұйық кристалды монитор
Монитордың мөлшері диогонал бойынша кинескоп құбырларының қарамам – қарсы бұрыштардың арасымен өлшенеді. өлшем бірлігі – дюйм. Қазіргі таңда 9 – дан 42 дюймге дейінгі (23 – тен 107см – ге дейін) экранды мониторлар шығарылады.
Стандартты мөлшерлері 14”, 15”, 17”, 19”, 20”, 21”. Бүгінгі таңда 15 және 17, 19, 21 дюймдер мөлшеріндегі мониторлар ең әмбебап мониторлар болып табылады.
Монитор экранындағы кескін ваккумдық қолбаға тығындалған, өткір бағытталған электрондар шоғырын люминофорлық жабуды сәулеге түсіру, яғни сәуле арқылы қарап байқау нәтижесінде пайда болады. Түрлі – түсті кескінді алуы үшін люминофорлық жабу қызыл, жасыл, жасыл және көк түсті боп жанатын үш тұрпатты (типті) жолаққа немесе нүктелерге ие болады. Барлық үш сәуле экранда бір нүктеге тоғысып, кескін анық көрінуі үшін люминоформның алдына ұдайы саңылау қалдырылатын қалқа – панелін қояды. Монитордың бір бөлігі вертикальдық сыммен жарықтандырылған, бұл кескіннің анық та қанық әрі жарық болуын күшейтеді. Саңылаулар (отверстия) арасындағы (қалқа қадамы – шаг маски) қадам неғұрлым қысқа болса, кескін соғұрлым дәл әрі нақты болады. Қолқа қадамы миллиметр үлгісімен өлшенеді. Қазіргі уақытта 0,25 – 0,27мм. Қалқа қадамындағы мониторлар кеңінен таралған.
Кесінді қайта өндіру (жаңарту) жиілігі монитордың бір секунд ішінде кескінді қанша рет толық ауыстыра алатынын көрсетеді (сол себепті де оны кадрлар жиілігі деп атайды).
Кесінді қайта өндіру жиілігі герцпен (Гц) өлшенеді. Ол неғұрлым жоғары болса, кескін соғұрлым дәл әрі тұрақты болып, көз аз талады. Ең аз шамадағы мән 75 Гц, қалыптысы – 85 Гц, алт ең қолайлысы (жайлы тиетіні) – 100 Гц және одан көп мәндер.
Монитордың қорғаныс класы қауіпсіздік техника талаптарына монитордың сәйкес келетін стандартымен анықталады. Қазіргі уақытта мына халықаралық стандарттар жалпыға бірдей, яғни баршасына ортақ саналады: MPR – II, TCO – 92, TCO – 95, TCO – 99. MPR – II стандарты адамға қауіп төндірмейтін, яғни қатер тудырмайтын шекке дейін электромагниттік сәуленің деңгейін шектейді. TCO – 92 стандартында бұл норма сақталған, ал TCO – 95 және TCO – 99 стандарттарында бұл норма күшейтілген. Эргономикалық және экологиялық нормалар ең алғаш рет TCO – 95 стандартында пайда болды, ал TCO – 99 стандарты кескіннің сапасын (жарықтығын, қанықтығын, жыпылықтауын, жабудың антибликтік өзгешелігін) анықтайтын параметрлер бойынша ең қатқыл нормаларды белгіледі.
Қызмет принципіне байланысты монитор – электронды – сәулелік трубкалы мониторға және сұйық криссталдағы дисплейға бөлінеді.
Электрлі – сәулелік трубкалы монитор
Электронды сәулелі трубалы монитордың схемасы
Электрлі – сәулелік трубка шыны колба ретіндегі электрлі – вакуумды құрылым, басжағында электронды трубкасы бар, ал түбінде люминофор қабығы бар экран. Жылыту кезінде электрондар ағымы электронды пушканы сәулелендіреді, ол жқғарғы жылдамдықпен экранға жылжиды.
Электрондардың әсерінен, қолданушыға көрінетін, люминофор жарық шығарады. Люминофор электрондық ағымнан кейінгі жарықтану уақытымен ерекшеленеді. Электронды сәуле экранды солдан оңға, жоғарыдан төменге қарай қатарларға бөліп, өте тез қозғалады. Экранды жайған (развертка); яғни қозғалтқан уақытында, бейненің пайда болу жерінде сәуле сол қарапайым люминофорды қапталған аймақтарға әсер етеді.
Сәуленің интенсивтілігі әр уақытта өзгеріп тұрады, сондықтан сәйкес экран аймақтарының да жарықтығы өзгереді. Жарық тез жойылатындықтан, электронды сәуле әрдайым экран бетінде оны қалпына келтіруі керек.
Жарық уақыттылығы мен жжиілігі бір – біріне сәйкес келу керек. Вертикалды жаю жиілігі 70 – 85 Гц тең, яғни экран жарығы 70 – 85 рет секундына жаңартылады.
Жиіліктің төмендеуі бейненің өшіп – жануына әкеліп соқтырады, ал ол көзді шаршатады. Мониторлар белгіленген жаю жиілігіне, сонымен қатар кейбір диапазонда әр түрлі жиіліктерге ие. Жаюдың екі режимы болады: Interlaced (жоларалық) және Non Interlaced (жолдық). Әдетте, Non Interlaced – ті жаюды қолданады. Сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай қатар бойымен сканерлейді, бейнені бір өткен кезінде қалыптастырады. Interlaced режимінде сәуле экранды жоғарыдан төменге қарай 2 рет өткен кезде сканерлейді: алдымен тақ қатарлар сонымен жұп қатарлар.
Жолдық режиміндегі толық кадрдың қалыптасу кезіндегі кеткен уақытқа қарағанда жоларалық жаю кезінде уақыт 2 есе аз кетеді. Сондықтан 2 режимге де жаңару уақыты бірдей.
Электронды сәулелі трубкасы бар мониторлар үшін экрандар дөңес және тегіс болады. Кейбір үлгілерде Trinitron технологиясы қолданылады. Бұл технологияда экран горизонталь бойымен сәл қисықтау, вертикаль бойымен тегіс болады. Мұндай экранда әдетте бликтер аз және бейне сапасы жақсырақ болады.
Сұйық кристалдағы дисплейлер (Liquid Crystal Display – LCD)
Сұйық кристалды TFT мониторының құрлымы
Сұйық кристал негізіндегі дисплей бликсіз, тегіс экран және электр энергиясын тұтыну қуаттылығы төмен (5 Вт, электронды – сәулелі трубкасы бар монитор 100 Вт тұтынады). Сұйық кристал негізіндегі дисплейлердің 3 түрі болады:
монохрамды пассивті матрицамен;
түрлі түсті пассивті матрицамен;
түрлі түсті активті матрицамен.
Сұйық кристал негізінде дисплейлерде поляризациялы фильтр, ол 2 түрлі жарық толқындарын құрады. Жарық толқыны сұйық кристалды ұяшықтан өтеді. әр ұяшық өз түсіне ие. Сұйық кристалдар молекулаларға ұқсас сұйық тәрізді ағып қозғала алады. Бұл зат жарықты өткізеді, бірақ электр заряды әсерінен молекулалар өз бағытын өзгертеді.
Пассивті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде ұяшықты электр заряды (қуаты) басқарады, ол экран матрицасындағы қатар мен бағандар ұяшықтарының орналасу негізінде транзистірлі үрді қуатының импульсіне сезімтал.
Активті матрицасы бар сұйық кристал негізіндегі дисплейлерде әр ұяшықтың жеке транзистірлі кілті болады, бұл бейненің жарық болуын қамтамасыз етеді (пассивті матрицасы бар дисплейлерге қарағанда, себебі әр ұяшық тұрақты электр қуатының әсерінде болады). Сәйкесінше, активті матрица электр энергиясын көп қолданады. Бұдан басқа, жеке транзистірлі кілттің болуы өндірісті күрделендіреді, ол өз алдына олардың бағасын көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |