Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету


Процессорлардың жылдамдығы



бет29/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
5-Дарис консп

Процессорлардың жылдамдығы. Жылдамдық – бұл процессордың сипаттамаларының бірі, оны көбінесе әр түрлі түсіндіреді. Осы тарауда сіз процессорлардың, оның ішінде Intel процессорларының жылдамдығы туралы білетін боласыз. Әдетте компьютордың жылдамдығы МГц- пен өлшенетін такт жиілігіне байланысты болады. Ол шағын қолайы контейнер ішіне алынған кварц кристалы болып табылатын кварцты резонатор параметрімен анықталады.
Кварц кристалында электр кернеуінің әсерінен кристалл формасымен және өлшемімен анықталатын жиіліктегі электр тогының тербелуі пайда болады. Осы айнымалы ток жиілігі такт жиілігі деп аталады. Әдеттегі компьютер микросхемасы бірнеше милион герц жиілігінде жұмыс жасайды (Герц – секундына бір рет тербелу). Жылдамдық мегагерцпен, яғни секундына миллион циклмен өлшенеді. 13.1- суретінде синусойдалы дыбыс графигі көрсетілген.



Сурет 13.3 Такт жиілігі түсінігін графика түрінде көрсету.

Бұйрықты орындауға жұмсалатын уақыт та тұрақсыз болып келеді. 8086 және 8088 процессорларында бір бұйрықты орындау үшін 12 такт кетеді. 286 және 386 процессорларында бұл көрсеткіш бір операцияға орташа есеппен 4,5 тактіге дейін кішірейді.


Pentium процессорында екі паралель конвейерді және басқада қулықтарды қолдану орташа статистикалық бұйрықты орындау уақытын бір тактіге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Соңғы үлгідегі Pentium Pro Pentium II/ III, Celeron және Xeon процессорларында бір такт ішінде кемінде үш бұйрық орнатылды. Бұйрықты орындауға қажетті тактінің түрлі саны такт жиілігіне (яғни, бір сикундтағы такт саны) ғана негізделген компьютердің өнімділігін салыстыруды қиындатады.
Бірдей такт жиілігінде процессордың бірінің екіншісіне қарағанда жылдам жұмыс жасайтындығы неліктен? Оның мәнісі өнімділікте. 486 процессоры 386 процессорымен салыстырғанда жоғары жылдамдыққа ие, себебі оған бұйрықты орындау үшін 386 – ға қарағанда 2 есе кем такт керек болады. Ал Pentium процессоры үшін 486 – ға қарағанда 2 есе кем такт қажет. Осыған байланысты такт жиілігі 133 МГц болатын 486 процессоры 75 МГц такт жиілікті Pentium процессорына қарағанда баяу жұмыс жасайды.
Процессорлардың салыстырмалы нәтежелігін салыстыра отырып, 600 МГц такт жиілігіне жұмыс жасайтын Pentium III процессорының өнімділігінің теориялық тұрғыдан 900 МГц такт жиілігінде жұмыс жасайтын Pentium процессорының өеімділігіне тең екендігін көруге болады. Сондықтан такт жиілігіне ғана сүйеніп, компьютер өнімділігін салыстыруға болмайды, жүйе нәтежілігіне басқа да факторлардың әсер ететінің назарға алу керек.
Орталық процессор нәтежілігін бағалау едәуір күрделі нәрсе. Ішкі архитектуралары әр түрлі болып келетін орталық процессорлар бұйрықтарды түрліше орындайды: бірдей бұйрықтар түрлі процессорларда не тез, не жай орындалуы мүмкін. Әр түрлі жиілікте жұмыс жасайтын түрлі архитектуралары орталық процессорларды салыстыруда орташа шаманы табу үшін Intel процессорлардың салыстырмалы нәтежелігін өлшеуге арналған эталондық тестінің өзгеше құрамын ойлап тапты.
Бұл жүйе жуық арада 32 – разрядты процессорлардың нәтежелігін өлшеу мақсатында толықтырылды. Жүйе iCOMP 2.0 (Intel Comparative Microprocessor Performance – Intel фирмасының микропройцессорының салыстырмалы нәтежелігі ) индексі (немесе көрсеткіші) деп аталады. 13.2. кестесінде кейбір процессорлардың салыстырмалы өнімділігі, немесе iCOMP 2.0 индексі келтірілген.
Процессорлардың iCOMP 2.0 индексі

iCOMP 2.0 индексі бірнеше тәуелсіз байқау нәтежесінде есептеліп, процессордың салыстырмалы өнімділігін дұрыс сипаттайды. iCOMP индексін есептеу кезінде мультимедиялық қосымшаларды орындауға қажетті операциялар ескеріледі.
Pentium III процессорларын шығарған соң Intel фирмасы жаңа iCOMP 3.0 индексін ұсынды. Бұл индексті есептеу кезінде үш өлшемді графика, мультимедия және Интернет технологиясының жұмысы ескерілді. Дұрысында, iCOMP 3.0 индексі 6 тест өлшемінің нәтежесінің қиысуы болып табылады: WinTune 98 Advanced CPU Intiger, CPU Mark 99, 3D WinBench 99 – 3D , MultimediaMark. Осы тест нәтежесінде SSE жаңа бұйрықтар жиыны ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет