Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету



бет38/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60
Байланысты:
5-Дарис консп

Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарынын негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады. Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жұмыс жылдамдығы да жоғары дейгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларынын функциясына мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді. Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе электрондық кестеден тұратынын білуге тиісті емес.
Сервердің файл сервер түрі жиі қолданыста. Өйткені онда желіні қолданудың барлығынан түскен мәліметтер сақталады. Сондай-ақ осы берілгендерге доступ қатамассыз етеді. Бұл компьютер үлкен жылдамдықты оперативті жадпен, қатты дискілермен, қосымша дискіжинағыштармен қамтылған болуы шарт. Файл сервер арнайы операциялық жүйелермен жұмыс жасайды. Ол операциялық жүйе бір мезгілде қолдануға доступ ашуы керек. Файл сервер файылдары:
1) берілгендерді сақтау;
2) архивтеу;
3) жөнелту;
4) әртүрлі қолданыстағы берілгендерді өзгертуді синхрондау;
Кейде файл сервер жеткіліксіз болса онда желіге бірнеше серверлерді қосуға болады. Әдетте орталықтандырылған ЭЕМ хост машина деп аталады. Берілгендерді өзгертуді орталықтандырған жүйелерінде қолданылады. Жалпы файлдық сереверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін қайтадан серверге қайтарады. Мұндай желі жұмысы - көптеген тұтынушылардың бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдық серверлер пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принтер-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мүндай желілік баспа қүрылғысы басқа желі құрылғыларынан тәуелсіз күйде өзі жеке жұмыс жасайды. Баспа сервері желідегі барлық серверлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс өнімділігі жоғары принтерлер пайдаланылады.
Желілік басып шығарғыш - бұл жекелеген пайдаланушылар ортақ қатынаса алатын басып шығарғыш. Басқа пайдаланушылар сіздің басып шығарғышыңызға қатынауын ашу үшін мына әрекеттер орындалады:
1. Бастау - Басып шығарғыш пен факстар әмірін орындаңыз, Сіздің компьютеріңізге қосылған таңбашалары бар барлық басып шығарғыштармен факстарды сұқбат терезесі ашылады.
2. Сіз қатынас құруды қалаған сол басып шығарғыштың таңбашасын табыңыз да, онда тінтуірдің оң жақ батырмасын шертіңіз және ашылған мәзірден Ортақ қатынас құру мәзірін таңдаңыз.
3. Ашылған терезеде қатынас құру қосымшасына өтіңіз де, ауыстырып қосқышты берілген компьютерге ортақ қатынас құру жағдайларына орнатыңыз. Белсенді етілген мәтіндік мәтіндік өрісте желіні пайдаланушылардың бәрі көре алатын берілген басып шығарғыштын атауын енгізе аласыз.
4. Жарайды батырмасын басамыз.

17.1-сурет. Жергілікті желіде принтерді пайдалану
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу үшін қолданылады.
Интернет желісімен тиімді қатынас кұру үшін Web-серверлер айдаланылуы мүмкін.
Клиент сервер архитектурасы бір рангілі локальді есептеу желісін де, ерекшеленген ерверлі желіні де қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет