Пайдаланылған әдебиеттер 1. А. Б. Медешова, Д. Ғ. Ғадуллаев Компьютер архитектурасы: Оқулық. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011
2. В. Яворский, А. Әміров. Операциялық жүйелер: Оқу құралы. - Астана: Фолиант, 2008
3. О Сейқұлов. Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар: Оқу құралы. – Шымкент: «Нұрлы Бейне», 2012
4. Гук М. Аппаратные средства IBM PC Әнциклопедия – спб.:«Издательство Питер», 2011
14-Дәріс Тақырыбы: ДЭЕМ – ның жұмыс істеу принципі және архитектурасы. Жоспар: Қазіргі компьютердің архитектурасы.
Жүйелік плата, оның қолданылуы, негізгі элементтері және жүйедегі өзара әрекеті.
Аналық тақша
Компьютердегі ең үлкен электрондық плата – жүйелік тақша (аналық плата) болып табылады. Жүйелік тақша-жүйенің ядросы. Бұл шынындада ДК-нің басты бөлшегі-қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған және жүйедегі құрылғылардың бәрін нақты сол басқарады.
Аналық тақша жүйелік бөліктің негізгі бөлімі болып табылады, сонымен бірге дербес компьютердің құрылғыларын анықтайды. Келесі компоненттер міндетті түрде орналастырылады:
1. Процессор үшін слот
2. Оперативті жад үшін слоттар
3-4. IDE-құрылғысы (қатты диск, CD-ROM, иілгіш магнитті дискі)
5. Видеокарта AGP үшін слот
6-7. PCi және ISA-слоттары
8. Корпустың лампасымен кнопкасын біріктіретін контактілер жиынтығы
Дербес компьютердің шиналары Шина дегеніміз – бұл сым – жолдарының жиынтығы, кей кезде цифрлік жүйеде бірнеше компоненттерді біріктіруші өткізгіштер. Бұл сым – жолдары 3 типке бөлінеді: адрес, мәліметтер және басқару. Кейбір кезде бір өткізгіш арқылы әр уақытта адрес және мәліметтер беріледі. Бұндай шинаны – мультиплекстелген деп атайды. Шинаға қосылған құрылғылар 2 негізгі типке бөлінеді – басқарушы (master) және бағынушы (slave).
Адрестік шина. Бұл шина арқылы берілетін мәліметтер оперативті жады ұяшықтарының адрестері ретінде қарастырылады. Осы шинадан процессор орындалуға тиіс командалар адрестерін оқиды. Қазіргі заманғы процессорларда адрестік шина 32 – разрядты, яғни ол 32 параллельді өткізгіштерден құрылады.