Факультеті Бағдарламалық қамтамасыз ету


Сурет -2.3. Жүйелік блоктың артқы жағы Процессор



бет7/60
Дата27.12.2022
өлшемі2,27 Mb.
#59900
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60

Сурет -2.3. Жүйелік блоктың артқы жағы


Процессор - компьютердің басты бөлігі. Процессор - компьютердің «миы». Ол компьютерді басқарады және прораммадағы барлық командаларды (амалдарды) орындайды. Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды, нәтижелерді шығарып береді немесе оны қайтадан жадқа жазады, тіпті екеуінде қатар орындайды. Компьютердің кез-келген жұмысы процессордың қатынасынсыз орындалмайды.
Компьютердің атқаратын жұмысының бәрін, шын мағынасында, оның бас микросхемасы – микропроцессор атқарады. Қазіргі кезде көп тарала бастаған, жетілдірілген процессор - «пентиум» (Pentium), ал ол орналастырылған компьютерді «Пентиум» деп атайды.
Компьютерлердің негізгі мінездемесінің бірі – оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады. Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті информациялар алады да, өз жұмысының нәтижесін қайтадан жатқа жібереді.
Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ- басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы-логикалық құрылғы.
Құрлысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады. Қазіргі дербес компьютерлердің архитектурасының барлық үлгісі магистральды принципке негізделген. Қазіргі ДК қарапайым әрі күрделі. Өткен жылдар ішінде жүйені құрастыру үшін қолданылатын құрауыштардың көбі басқа құрауыштармен біріктірілді, сондықтан элементтерінің саны азайып, ол едәуір қарапайым болды. Сонымен қатар ол күрделірек те болды, өйткені қазіргі жүйенің әрбір бөлігі бұрынғы жүйелердің сол бөліктеріне қарағанда әлдеқайда көп функция атқарады. Төменде қазіргі ДК-нің құрамына кіретін негізгі құрауыштар аталған:
 Жүйелік тақша
 процессор
 жад (жедел жад)
 қатқыл диск
 CD-ROM, CD-R немесе DVR-ROM жинақтауышы
 Бейнеадаптер

Сурет –2.4. Процессорлардың сыртқы көрінісі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет