фермерлердің жұмысымен танысады, жергілікті мәдениет пен әдет-ғұрыппен
танысады. Бір қызығы, туризмнің бұл түрі Испания, Италия, Францияда
жақсы дамыған. Елімізде бұл саланы
дамыту міндетін алға қойып отыр.
АҚШ ұлттық туризмі саясатын зерттеу орталығы «саяхат», «туризм» және «рекреация» терминдеріне келесідей анықтамалар берген: 1. Саяхат - адамдардың ақылы қызметпен байланыссыз өздерінің тұрғылықты орындарынан басқа елге немесе жерге уақытша орын ауыстыруы. 2. Туризм –«саяхат» сөзінің термині. 3. Рекреация – бос уақыттарын пайдаланумен айналысатын адамадардың іс-әрекеті. Рекреацияға жеке немесе топтық спорттық, интеллектуалдық жарыстарға, ойын-сауықтарға активті және пассивті қатысу да жатады. Пайдалы демалыс жасау – адамның физикалық және рухани күшін қайта қалпына келтіру үшін қажет. Адам физикалық және ақыл-ой әрекетін уақытша тоқтату арқылы ағзасының энергия қорын толықтыру немесе қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сол арқылы адамның жұмысқа қабілеттілігі де жоғарылайды. Ендеше Қазақстандығы туризм саласын дамыту бізбен сіздің алдымызда тұрған міндет болып табылады . Сондықтан осы саланы дамытуға өз үлесімізді қосайық . Назарларыңызға рахмет!