Факультеті «География және табиғатты пайдадану» Кафедрасы «География, жерге орналастыру және кадастр»



Pdf көрінісі
бет2/2
Дата26.04.2023
өлшемі217,27 Kb.
#87114
1   2
Байланысты:
Дінасыл 2

терминдер (ЖГТ) немесе апеллятивтер табиғи объектілерді белгілеу ретінде 
пайдаланылады да, жер-су аттарын жасауда негізгі ұйытқы болады.Сонғы 
жылдары географиялық терминдер туралы КСРО топонимистерінің біраз 
зерттеулері жарық көрді. Қазақтың халықтық географиялық терминдері 
Ғ.Қоңқашпаев, А.Әбдірахманов, В.Н.Попова, Е.Қойшыбаев, О.Сұлтаньяев 
еңбектерінде лингвистикалық тұрғыдан жан-жақты зерттелді. Солтүстік 
Қазақстан, Орталық Қазақстан облыстарына тән микротопонимдер мен 
гидронимдердің 
құрамында географиялык, 
термин (ЖГТ) 
мен апеллятивтердің кеңінен орын алғаны байқалады. Мысалы, айрық, арқа, 
қыр, қоңыр, көн, өзек, сор, еспе, томар, дала, тау, төбе, мұрын, адыр, тумсық, 
құдық, көл, өзен, бастау , бұлақ, сай, жал, қағыл, тас, шағыл, қорық, қопа, 
шоқы, жар, ор т. б.Қазақстан топонимдерінің стратиграфиясы бойынша 
этимологиялық 
зерттеулер 
(лексикалық 
қабаттар). Сонғы 
жылдары 
топонимикалық 
зерттеулерде стратиграфия, немесе топонимдер 
стратиграфиясы, деген термин пайда болды. Бұл терминнің анықтамасы 
мынадай:«Стратиграфия (лат. straит— төсем + gгарһо— жазамын)—тау 
жыныстарының қат-қабаттану формаларын және жер қабығы қабаттарының 
тарихи тізбекте жасалуын зерттейтін геологияның бөлімі». Бұл күндері 


стратиграфия термині бұл мағынасын кеңейтіп, енді топонимикада жер-су 
аттарының тарихи жасалуындағы көне қабаттарын, соның ішінде ең көне 
субстратты топонимдерді зерттеуге қолданылатын тер-минге айналып 
отыр.Қазақстан территориясындағы, сол сияқты баска да аймақтардағы жер-
су аттарының көне формаларын, басқа тілден енгендерін т.б. тарихи 
құбылыстарды, топонимдердің этимологиясын комплексті зерттеу арқылы 
ашуға болады.Қазақстан топонимдерін осындай стратиграфиялық топтарға 
бөле келіп, алтай, көне түркі замандарында жасалған топонимдерді, басқа 
тілдерден ерте уақыттарда және орта ғасырларда енген топонимдерді с у б с т 
р а т т ы топонимдер деп атайды. 
Қазақ жерінің жер-су атауларына байланысты ең құнды деректер 
Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің еңбектерінде кездеседі. Оның шығармаларында 
қазақ елінен басқа да елдердің жер-су атаулары кездеседі. Солардың ішінде ең 
көп кездесетін жер-су атаулары Ресейге қатысты. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 
«Сарыарқаның 
кімдіке 
екендігі», 
«Хал-ахуал», 
«Тіршілікте 
көп 
жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты зерттеулері бар. Бұл еңбектер 
1907 жылы Қазан қаласында жарық көрді.«Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 
еңбектерінде жер-су атауларының көптеп кездесетініне назар аударуға 
болады. Тарих тұңғиығына үңіліп, бұл атаулардың мән – мағынасының шығу 
төркінін ғылыми тұрғыдан қарастырып, жан-жақты зерттеу болашақтың 
еншісінде. Халықтың рухани байлығы мен даналығының орасан қоймасы бола 
келіп, топонимдер мәдениет пен халықтың ауызша шығармашылығының 
ескерткіштері ретінде әрі қарай жинауды, сақтауды, қалпына келтіріп және 
қорғауды қажет етеді».Құрбанғали Халид өзінің шағатай тілінде жарық көрген 
«Тауарих Хамса» атты еңбегінде: «Менің өте таң – тамаша болатыным, Қазақ 
оқымаған халық деген лақап айтылады. Ал жағрафия, астрономия сияқты 
арнаулы пән оқымай, білуге қиын соғатын жердің белгілерін айырып, соған 
дәлме – дәл ат қойып сөйлейді» - деп көрсеткен[6].
Қазіргі таңда жер–
су көне атауларының қолданылуы азайып, ұмыт болып бара жатқандығы 
белгілі. Топонимдерді жаңғырту, ұмыт болған атауларды қайта жандандыру 
тарихымыз үшін маңызды. Кеңестік кезеңде көптеген елді–мекендердің, 
аумақтардың, өзен–көлдердің аттары орысша атаулармен ауыстырылғаны 
белгілі. Тәуелсіздік алғаннан бастап біршама атаулар тарихи атаулармен 
қалпына келтірілді. Бірақ бұл түпкілікті толықтай қазақша атаулармен аталды 
деген сөз емес. Өз тарихымыздағы географиялық атаулардың түп – 
нұсқасымен, түсіндірмелерін, сөздіктерін, анықтамалықтары жасалып, 
ғылыми айналымға енгізілді. Мәселен, Ж.О. Артықбаевтың «Дәстүрлі қазақ 
этнографиясы», «Баянауыл», «Түркі өркениетінің түйіткіл мәселелері», 
«Жеріңді танығаның – еліңді танығаның: Ульянов ауданының мысалында 
Орталық Қазақстан топонимиясына шолу», «Жаңаарқа тарихы», «Шет 
өңірінің тарихы» т.б еңбектерінде біраз болсада жер-су атауларына қатысты 
деректер берілді.
Еліміздегі топонимикалық атауларға зер салсақ түстермен 
байланысты атаулар көптеп кездеседі. Мәселен Ақсу, Ақкөл, Ақмола, Ақтөбе, 
Ақжайық, Қарасу, Қарақұм, Қаратау, Қызылтау, Қызылтөбе, Қызылорда, 


Сарыөзек, Сарытау т.б. Атаулардың осындай түске қатысты айтылуына 
профессор Т. Жанұзақ: «Қазақ ономастикасы. Атаулары сыры» атты 
еңбегінде: «Ақсу атауы – судың, өзеннің ақ ботала болып аққан түсіне 
байланысты» -деп көрсетеді.Ж. Жұмабековтың «Ұлытау өңірінің тарихи 
географиясы (XVғ.-XIXғ. соңы)» атты диссертациялық жұмысында: «Ұлытау 
аймағын географиялық ерекшелейтін маңызды фактор – су көздері, өзен, көл, 
тау баурайындағы бұлақтар өңірдің адам тіршілігі үшін экономикалық 
тұрғыдан маңыздылығын анықтайды. Жезді, Кеңгір, Терісқаққан өзендері 
халық шаруашылығына қолайлы».Сонымен қатар елімізде батырлар мен 
хандардың есімдері берілген жер – су атауларыда көптеп кездеседі. Д. Жүнісов 
«Өзен – көл атаулары» еңбегінде: «Қарасай. Жезқазған облысында «Қарасай» 
аталатын екі өзен бар. Біреуі Шет ауданының жерінде, екіншісі—Жаңаарқа 
ауданының жерінен ағатын өзен. «Қарасай» — қазақтың тайпалық 
бірлестігіндегі белгілі ру аты. Бұл сөз Қазақстан жеріндегі біраз өзендерге 
койылған. Ақтөбе облысының Мұғалжар, Октябрь аудандарында, Маңғышлақ 
облысының Бейнеу ауданында, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 
Қарасай аталатын өзендер бар. Бұл өзен атаулары қара және сай сөздерінен 
жасалған, қара сай, қара жыра («черный овраг») деген мағына береді» 
Қорыта келе, орыс географы Н.И. Надеждин: «Жер – адамзат тарихы 
географиялық атаулармен жазылған кітап» деп топонимдердің маңызын өте 
жоғары бағалаған. Топонимика ғылым саласы ретінде тарих, әдебиет, 
география ғылымдарымен байланысты дамиды және қазақ даласының ауызша 
тарихы мен шежіресі арқылы көне мен бүгіннің арасын жалғастырады. 
Тарихтың тереңіне үңіліп қарасақ жер–су атауларының шығу төркіні ғылыми 
тұрғыдан қарастырылып, жан – жақты зерттеу жүзеге асырылып келеді. 
Тәуелсіздік алған уақыттан бастап еліміздегі көптеген елді–мекендердің 
ауыстырылған, бұрмаланған атауларына түзетулер енгізіле бастады. Біршама 
жер–су атауларының тарихи атаулары заңдық нормативтік тұрғыда қалпына 
келтірілді. Бұл іс өз жалғасын табуы керек. Ол үшін кешенді зерттеулер қажет.
Қарастырып отырған мәселенің өзектілігі географиялық атаулардың табиғи 
ортамен байланысын анықтау, аумақтағы табиғатты пайдалану мен қорғау 
дәстүрлерінің сақталып қалған тәжірибесін танып-білу, қорыта айтқанда 
студенттерді, оқушы жастарды еліміздің бай табиғаты мен атаулары туралы 
мол мәлімет беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет