Қорытындылай келе, ауылшаруашылық жерлерде жаңа технологияларды
қолдану арқылы біз еліміздің ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттыра аламыз.
Бәсекелестік болған жерде елдің дамуы , алдыға жылжуымыз арта түседі.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды
саласы және ол экономикалык, дағдарысты жою, тамақ және жеңіл
өнеркәсіпті дамыту, саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз
ету жолында шешуші рөль атқарады. Көптеген жылдар бойы өнімді еңбекке
ынталандыру тетіктерін жете пайдаланбағандықтан аграрлык, салада терең
дағдарыс қалыптасты. Одан шығудың бірден-бір жолы, сөзсіз, осы салада
кешенді және жүйелі түрде экономикалық реформа жүргізу еді. Ал оның
қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жасайтын болсақ, ең алдымен
нарықтық қатынастарға көіпу тактикасындағы орын алған қателіктерді атап
өту керек. Бұл ауыл және барлық халық шаруашылығында реформа
жүргізудің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда қолдан жасалынған
қиыншылықтар тудырды. Әуелі көптеген жылдар бойы орталықтан басқару
жағдайында қалыптасқан шаруашылықпен айналысу мен еңбек ету
психологиясын жекеменшік өрістеген жағдайға бейімдеу революциялық
емес, эволюциялық процесс екені ескерілмеді. Әсіресе мал шаруашылығын
дамытуда жергілікті халықтың еңбек ету «философиясы» назарға алынбады.
8
Пайдаланылған әдебиеттер
https://7kun.kz/aza-stanny-auylsharuashyly-y-keshenini-damu-ba-yttary-kursty-
zh-mys/
https://egemen.kz/article/329850-auyl-sharuashylyghy-%E2%80%93-memleketti-
damytatyn-sala
9
Достарыңызбен бөлісу: |