Факультеті: Журналистика Кафедрасы: Электронды бақ Тақырыбы



Дата18.10.2023
өлшемі71,83 Kb.
#117772
Байланысты:
кунс ғылым


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті




Факультеті: Журналистика
Кафедрасы: Электронды БАҚ
Тақырыбы:Бәсекеге қабілетті интелектуалды тұлға қалыптастыру туралы жазылған мақалаға рецензия (пікір)
Орындаған:
Журналистика 101-топ. Мейірқұл Күнсұлу
Тексерген: Акынбекова Алтын
Бұл тақырып бойынша әлеуметтік желідегі мына бір мақала көзіме оттай басылды:” Қaзaқстaн Республикaсының Президенті Н.Ә.Нaзaрбaевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біз ХХІ ғасырдың
жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз
десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске
асыруға тиіспіз» деп атап көрсеткен болатын, ал бұл жоба рухани жаңғыру,
ұлттық кодты сақтау, тарихи тәжірибе, ұлттық дәстүр және олардың бастысубъектісі мен объектісі – адам және тұлға маңызды ұғымдарымен тығыз байланысты.
Елбасы дұрыс назар аударғандай, рухани жаңғыру мәселесі батыстық жаңғырудың қазіргі заманның даму үдерісіне сай келмеуінен, батыстық үлгілердің барлық халықтар мен ұлттарға жаппай, олардың өзіндік ерекшеліктерін ескермей таңылуынан туындап отыр. Сол себепті қоғамдық болмыста үлкен жылдамдықпен жүріп жатқан өзгерістерге біздің қоғамдық санамыз сәйкес келмей, оның дамуы баяу жүруде. Осы құбылысты байқаған Президент «...замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.
Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп пайымдап, осындай жаңғыру тұтас ұлтқа ғана емес, әрбір жеке адамға тән болуы керектігін басып ескертеді т.б. мәдениет орындарымен ілгерілейді. Сондықтан интеллектуалдық жүйенің осы компоненттердің өзара ықпалдасуы социумның дұрыс өмір сүруі, жаңа теория, білім, инновация, технологиялар, интеллектуалдық, сондықтан, Н.Ә. Назарбаев осы еңбегінде ХХІ ғасырдың жаңа тұлғасы мәселесін қойды. Ол– мәдени ашықтық,көптілділік,техникалық сауаттылық сияқты қасиеттер тән бәсекеге қабілетті, қазіргі заманғы талаптарға сай адам ғана емес, ең бастысы – ұлттық санасы терең, өзінің ана тіліне, ұлтының салт-дәстүріне, мәдениетіне адал тұлға.Адамзат өркениетінің дамуында интеллектуалдық ортаның негізгі үш феномені болды, олар: ғалым-интеллектуалдар, білім беру жүйесі және кітапханалар. Интеллектуалды мәдениет қоғамда ғалымдардың үлес-салмағының көбеюімен, білім беру деңгейі мен сапасымен,кітапханалар,тәжірибе алмасуды.
Қазіргі заманда қоғамды интеллектуалдандыруда адамның танымдық мүмкіндігін кеңейтетін жаңа ақпараттық технологиялар үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік кеңістікте интеллектуалдық капиталды байыту үшін жаңа ақпараттық коммуникациялық орта түзілуде. Кітаптар, газет-журнал, конференциялар, электронды ақпарат сақтау құрылғылары түріндегі базалар мен мәліметтер базасының қарқынды өсуі интерактивті ақпаратты кеңістікке тән сипат болып табылады.
Технологияның қарыштап дамуына байланысты, техниканың жаңа түрлері, ақпарат алудың оңтайлы әдістері, ақпараттың сандық технологиялары пайда бола бастағаны белгілі. Мысалы, қоғамдық кітапханаға форматы
жағынан түбегейлі қарама-қайшы ғаламтор желісінде виртуалды кітапхана
пайда болды. Электрондық кітапханалар сандық (digital) үлгідегі ақпарат
қорын жинақтай бастады. World Digital Library, Cambridge Digital Library,
Digital Public Library of America, Digital Collections / Library of Congress
сияқты т.б. сандық кітапханаларды айтуымызға болады. Сол сияқты
электронды үлгідегі мұрағат, мұражай, құжат мекемелері қалыптаса бастады. Осылардың бәрі қоғамның интеллектуалдық мәдениетінің бөлігі болып табылады. «Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. «Бұл Қазақстандағы барлық кітапханалардың бірыңғай электронды катологын құруға көмектеседі. Мұның ізін ала Қазақстан «ТМД елдерінің электронды кітапханасы» жобасына қосылады. Бұл жағдайда ресейлік қорларда сақтаулы тұрған ерекше кітаптар біздің азаматтар үшін қолжетімді болмақ» деп атап өтті ҚР Премьер Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов. Қазақстан кітапханалары әлемдік үдерістен қалмай электронды сандық кітапханалар жүйесіне көшуде. Ғаламда жаһандану үдерісі қарқынды жүріп, білім беру және ғылым саласында ашық білім беру үлгісі кеңінен насихатталып, халықаралық деңгейде білім мен тәжірибе алмасу үшін электронды кітапханалар үлкен рөл атқара бастады. Ақпараттық қоғамда интеллектуалдық мәдениет қалыптастыру үшін білім беру жүйесінде (оқытудың дәстүрлі, ашық және қашықтықтан), кітапханаларда ақпараттық ресурстар мен білім үдерістерінде заманауи коммуникативтік құралдар кеңінен қолданылуда. Социумды тиімді интеллектуалдандыру үшін ғылыми мектептер, тұтастай алғанда, ғылым саласын халықаралық интеграция және дифференциация тәжірибесі тиімді пайдаланыла бастады. Қоғам дұрыс қалыптасуы үшін мемлекеттік және корпоративтік құрылымдар, кәсіпкерлікте,мемлекеттікте жүйе үйлесімді жұмыс істеуі керек. Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның интеллектуалды элитасын тәрбиелеудің іргетасы болып табылатын жаңа мектептер, ұлттық интеллектің ядросын құруымыз қажет. Біз Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім ордасына айналдырумыз керек». Интеллектуалды тұлға – өмірдің кез келген ағымында пікірлесе алатын, жаңашыл, шығармашылық тұрғыда өзіндік білім алуға дайын, интеллектуалды қабілеті дамыған тұлға. Инттеллектуалды тұлғаны қалыптастырудың негізі ақыл, рахым, парасат, білім, әділеттілік, қайрымдылық.
Интеллектуалды тұлға болып қалыптасуында тұрмыс жағдайы, білім алуға,
ғылыммен айналысуға қолжетімділігі, жұмыспен қамтылуы, медицинамен қамтамасыз етілуі, т.б. негізгі көрсеткіштер қажет болып табылады. Тұлғаның интеллектуалды мәдениетінің қалыптасуына ең бірінші ата- анасының тәрбиесі, балабақша, мектеп, ЖОО-ның рөлі ерекше екенін атап өтуіміз қажет.
«Отыз елдің қатарына ұмтылған Тәуелсіз Қазақстанның бағдарға алған шоқ жұлдызы «білім – ғылым – инновация». Мемлекет басшысының бастамасымен еліміздің бүкіл мектеп жасына дейінгі тәрбие мекемелерін қамтыған «Балапан» бағдарламасы, интеллектуалды ұлт қалыптастырудың негізі болып табылатын 20 Назарбаев зияткерлік мектептерін ашу бастамасы білім саласындағы бірегей жетістіктер екені даусыз» . «Назарбаев зияткерлік» мектептерінде интеллектісі жоғары, дарынды балалар білім алуда. Назарбаев Зияткерлік мектептері – ғылым экономика саласында дарындытбалаларға арналған мектептер желісі.Мұнда оқушылар физика, математика, химия, биология пәндерін тереңдетіп, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) білім алады.
«Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер ашылды».
«Болашақ» бағдарламасының негізгі мақсаты қазақстандықтарды әлемнің жетекші оқу орындарында оқытып, Қазақстанды модернизациялауға күш қосу. Бағдарламаның арқасында халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жастар даярланып жатыр.
Бағдарлама студенттің барлық шығындарын төлеп, бар ынтасын білімге салуға жағдай жасаған. Азияның, Еуропаның, АҚШ-тың ең үздік ЖОО білім алу, елдің ертеңіне салынған инвестиция. Мемлекеттің басты байлығы – адам болғандықтан, адам капиталын арттыру «Болашақтың» міндеттерінің бірі болды. Стипендиаттар білім алу мен қатар, маман ретінде қалыптасып, интеллектуалдық әлеуетін жоғарылатады деп ойлаймыз. «1994 жылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелде оқуға «12 мыңға жуық степендия бөлінген. Шетелде білім алған 9 мың азамат елге оралды. Қазір 1,5 мың студент шетелде оқып жатыр» дейді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметов. Қазір «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендиаттар қатары ғана емес, «Болашақты» аяқтаған түлектер саны артып келеді. Кез келген салада «болашақтық» түлектер қызмет атқаруда. Интеллектуалды тұлға қалыптастыруда «Болашақ» бағдарламасымен қатар еліміздің үздік ЖОО-дарының орны ерекше. «Қазақстандағы ЖОО-лар 200-ден астам мамандық түрі бойынша кадрлар даярлайды екен. 1990 жылдан бері елімізде ЖОО-ларда оқитындар саны үш есе артты. Сөйтіп Қазақстан ЖОО-лар саны жағынан әрбір миллион тұрғынға шаққанда Ұлыбритания, Германия, Жапония сияқты көшбасшы елдердің өзін басып озыпты». Қазақстанда білім берудің сапасын қамтамасыз ететін және халықаралық университеттермен бәсекелесе алатын жетекші ЖОО-дарымыз бар. Олар: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Сүлеймен Демирел университеті, ҚБТУ, ҚМЭБИ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқажеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Бұл жоба үш мәселені шешуге бағытталғаны жөн. 1 Ақылмен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту. 2 Оларға ақпараттық қолдау жасап, танымал етудің жаңа мультимедиалық алаңын қалыптастыру. 3 «100 жаңа есім» жобасының өңірлік нұсқасын жасау. Ел-жұрт ұлтымыздың алтын қорына енетін тұлғаларды білуге тиіс».
«100 жаңа есім» жобасы жұртшылық тарапынан қолдау республикалық маңыздағы үздік тұлғалармен қатар, әр облыстың, ауданның, ұжымның үздік тұлғасын тізімдеуде. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан жастарымыз үлгі, өнеге алады деп ойлаймыз. Әр адам туған еліне еңбек етіп, артына өшпестей мұра қалдырса, өз миссиясын орындағаны деп санаймыз.
Аталмыш мақала жайлы өз пікірімді айтар болсам, расында да, озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Елбасымыздың «рухани жаңғыру» жобасының тармақтарында осы мәселе көтеріліп отыр. Яғни, жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деп пайымдалып, осындай жаңғыру тұтас ұлтқа ғана емес, әрбір жеке адамға тән болуы керектігін басып ескертіп отыр. Негізгі тақырып, 21 ғасырдың жаңа тұлғасы. Ол – мәдени ашықтық, көптілділік, сауаттылық сияқты қасиеттер тән бәсекеге қабілетті ғана емес, ең бастысы – ұлттық санасы терең, өзінің ана тіліне, ұлтының салт-дәстүріне, мәдениетіне адал тұлға. «Қазақстандағы жаңа есім» жобасы арқылы ұлт мақтанышы болуын іске асырған абзалырақ. Шын мәнінде, Қазақстанның әрбір жетістігінің артында алуан тағдырлар тұр. Қазақстанды Ақылмен, қолымен, дарынымен заманалы етіп жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту мақсатын қою сынды жоспарлар тұр. Қазақстанның жаңа заманғы келбетін қалыптастыруға ұмтылған тұлғалардан жастарымыз үлгі,өнеге алады деп ойлаймыз. Әр адам туған еліне еңбек етіп, артына өшпестей мұра қалдырса, өз миссиясын орындағаны деп санаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет