Факультеті:
Кафедрасы:
Мамандығы:
СӨЖ
Тақырыбы: «әл-Фарабидің бақыт туралы трактаттарын негізге ала отырып, эссе жазу»
Орындаған:
Тексерген:
2021
Ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі, ойшыл, математик, лингвист, музыка зерттеушісі Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектеріндегі басты тақырыптардың бірі- адам өмірінің мәні екендігін байқамау мүмкін емес. Ғұламаның пайымдауы бойынша дәл осы адам өмірінің мәні және қызметінің басты себепшісі ол-бақыт. Сондықтан әл- Фарабидің бұл көзқарасы мен бақыт жайлы ой тұжырымдары «Ізгі қала тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жол сілтеу», «Бақытқа жету туралы» және тағы басқа көптеген еңбектерінде кездеседі. Аталмыш трактаттарын оқи отырып, барлық адамзат бақыт туралы әртүрлі түсінікке ие екенін ұғындым. Біреу үшін бақыт ол отбасы, өзге біреу үшін ақша, денсаулық, тіпті өз ісін сүйетін кейбіреулері үшін ол айналысып жүрген ісі, мәселен музыка. Ал әл-Фарабидің түсінігі бойынша бақыт ол- өзі үшін іздеген жақсылық. Мен бұл оймен толықтай келісемін, себебі өміріңде орын алып жатқан жақсылық сенің бақытты адам болып, бақытқа жетуіңе көмектеседі. Әрбір күнің жақсы адамдармен шуақтанып, жақсы оймен суреттеліп, жақсы әрекеттерге толы болған нағыз бақыт емес пе? Алайда бақытқа жету оңай дүние емес екендігін терең ұғыну керек, ол өз еңбектерінде бақытқа жету жолындағы кедергілер туралы да ашып көрсетеді. Бақытқа кедергі келтіретін барлық дүние- абсолютті зұлымдық. Осы мәселелер туралы ой қозғалған баға жетпес туынды ол «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбегі екенін атап өткен жөн. Ізгілікті әл-Мадина әл-Фадиль қаласының тұрғындары шынайы бақытқа жетуге ұмтылады. Бұл қаладағы ең жоғарғы санаттағы адамдар ол асқан даналыққа ие тұрғындар деп суреттеледі. Олар бақытқа жетуге көмектесетін тек жақсы істермен ғана айналысады. Жақсы әрекеттерді тек жақсы әдеттер мен қасиеттер тудырады, сондықтан жақсы әрекеттермен айналысатын адамдар тек қана бойына ізгілік несібесін дарытып, жамандыққа мүлде ие бола алмайтыны көрсетіледі. Трактаттың мазмұны бойынша, ізгі қаланың басшысы-имам. Туылғанынан бойына 12 қасиет біткен тұлға ғана осындай дәрежедегі адам бола алады. Мұндай дәрежедегі адам кемелді ақыл парасатқа ие болумен қатар, керексіз сусын мен тамақ ішуден, ойын ойнаудан аулақ болатын қасиетті дарыту керек, мақтаншақтық қасиетін жақсы көруден бас тарту, әділдік пен шындықты сүю, әділеттілікке итермелеу, әділетсіздік құрбанына келтірілген залалды өзінің жақсы істерімен шуақтандыру, шешімді тез әрі нақты қабылдау сияқты қаситеттермен ерекшелену қажет. Осындай басшысы мен тұрғындары бар ізгілікті қала бақытқа кенеліп, надан тұрғындары бар, азғын, жалғандықта өмір сүріп жатқан адасқан қалаға мүлдем қарама қарсы сипатта өмір сүреді.
Бақыт ұғымына терең мән беріліп, көп көңіл бөлінген тракаттарының бірі ол «Бақытқа жету туралы» еңбегі екенін атап өткен жөн. Бұл трактаттың мазмұны бойынша, шынайы бақытқа апаратын жол әлемнің метафизикалық бейнесін қалыптастырумен байланысты. Бұл еңбектегі ғалымның бізге дәлелдеуге тырысқаны ең үлкен абсолютті бақыт ол- Құдайды тану мен білу қасиеті. Сондықтан әл-Фараби Алла Тағаланың және Құдай туралы бастапқы ұғым мен ол туралы көптеген мәселелердің бар екенін дәлелдейді. Екінші орын алған мәселе ол адамның жануарлар әлемінен ерекшеленуі, ол әлем жан мен ақыл-ойдың баршылығымен, өзін өзі танумен сипатталады. Бұл тұжырым тұрғысынан әл-Фарабидің бақытқа жету жолы- ол өзін өзі тану мен адамның бойындағы адамгершілігін саналы түрде қалыптастырып, жетілдіру. Осы сәтте, ұлы кемеңгер тәлімгерлік мен ағартушылықтың үлкен рөл ойнайтындығы жайлы айтып өтеді. Себебі уақыт өте келе, бақытқа жету жолында кез-келген адам жақсылық пен жамандық, білім мен надандық, тақуалық арасында таңдау жасайды. Ал, оған дұрыс таңдау жасауға көмектесетін ол- адамның туылғанынан бастап қалыптасқан санасы, тәрбиесі әрі тәлімі. Анаңның ақ сүтімен дарыған тәрбиесі мен қоршаған ортаның көрсеткен тәлімінің деңгейі қандай болса, адам сондай деңгейде таңдау жасайды. Сондықтан бақыт пен үйлесімділікке қол жеткізу жолында жаман қасиеттер мен құмарлықтарды өз-өзіне бағындыру қажет. Бұдан шығатын қорытынды, «Бақытқа жету» туралы трактатта ғалым бақытты абсолютті игілік санатына көтеріп сипаттайтынын байқауымызға болады. Кейбір санасыздар бақыттың игілік екенін терең ұғына алмай, оны өмірден алынған ляззат пен рахат деп шатастырады. Осы тұста қателеспеген жөн, бұл жалған дүниелер шынайы бақыт емес, бола алмайды да... Олар керісінше, адам дүниеге келген сәттен бастап өмір сүру жолында жетуге тиіс артықшылықтарға қол жеткізуге кедергі келтіретін сезімдік ләззат деп танылады, яғни оған мысал ретінде ақшаға, тамаққа, сусынға, мақтаншақтық пен көре алмаушылыққа құнығу сезімдерін жатқыза аламыз. Осындай ләззат алу үшін жұмсалған өмір-бұл жануардың құл өмірі деп білемін. Бақытты жеткен жеке жетістігің, даңқ, құрмет деп түсінетіндер де аз емес... әл-Фарабидің трактаттары жайлы оқымас бұрын бәлкім бұл оймен мен де келісіп, қателесетін де шығар едім... Алайда, бақыт жайлы жазылған еңбектерін саралай келе, табысты, құрметті, даңқты болып көріну ол ішкі дүниеге емес, бізді кім қандай деңгейде бағалайтындығына байланысты қалыптасқан сыртқы фактор екенін ұғындым. Бұлардың барлығы тек материалдық құндылықтар, ал өмір жолында жәй ғана материалдық құндылықтарды жинақтау үшін жүру абсурд емес пе? Бұл ақыл мен парасатқа қарама қайшы өмір, өйткені бақытқа жету жолында осы қасиеттерге құнығып, табыс пен байлыққа алдану мақсат-мағынасы жоқ өмірді сүрумен тең деп есептеймін.
Қорытындылай келе, әр адамның түсінігінше бақыт әртүрлі ұғымды білдіргенімен, әл-Фараби өзінің трактаттарында 95% адамның өмірлік миссияларының бірі-бақытқа ұмтылу деп есептейтінін жария еткен болатын. Демек, бақыт ол күллі адам ұмтылатын жалпыадамзаттық руханият. Бақыт категориясы бұл адамзаттық үйлесімділіктің кілті десек қателеспейміз. Себебі әрбір саналы тұлға бақытты әртүрлі кейіпте түсінгенімен, дәстүрлі бақыт түсінігіне жетуге тырысады. Ал сол аталмыш бақытқа қол жеткізу үшін көп нәрсені білу керек, жақсы мен жаманды тани алу қажет, ар-ождан, парыз, намыс, әділеттілік, адамгершілік сынды қасиеттерді санасына сіңіріп, үздіксіз өзін өзі жетілдіру жолында еңбек етіп, рухани өсуі тиіс. Сонда ғана әлем мен адамзат бақыт жолында кемелдене алатыны сөзсіз.
Алайда біз бақыт жайлы қанша шер тарқатсақта, бүгін де, кеше де, ертең де, адамзат баласын бақыт пен оған жету жолдары жайлы сұрақтар алаңдатпай қоймауы мүмкін емес. Бұны мәдениеттің мәңгілік мәселесі десем артық айтпаспын. Себебі, әрбір жаңа ұрпақ жаңа тарихи жағдайда өмір сүріп, жаңадан ойлауды талап етеді. Сол себепті, жаңа ғасыр туған сайын, бақыт жайлы ой тұжырымдары өзгеріп отырады. Ал олардың ойларында бақыт жайлы жаңа анықтаманың қалыптасуына әл-Фарабидің, өткеннің көрнекті ойшылдарының шығармашылық мұрасына жүгіну үлкен ықпал етеді. Осыдан- ақ әл-Фарабидің көптеген ойлары мен идеяларының әлі күнге дейін өзектілігімен құндылығын жоғалтпағанын байқаймыз. Бұл еңбектер әлі де болашақта жаңа толқынның жақсылық жасауына, кемелдіктің биігіне жетуіне, бақытқа ұмтылуына шақыратынына сенімім мол.
Достарыңызбен бөлісу: |