Факультеті: Тарих факультеті МӨж тақырыбы



Дата30.09.2022
өлшемі33,66 Kb.
#40905
Байланысты:
МӨЖ.Қарпықова Т


Қазакстан Республикасы білім жане ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті





Факультеті:Тарих факультеті
МӨЖ


Тақырыбы:Картографияның теориялық концепциялары, картографияның ғылымдар жүйесіндегі орны


Орындаған:Қарпықова Тоғжан
Тексерген:Козгамбаева Г.Б

Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б. картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан денелері мен жұлдызды аспанның карталары, глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері) жатады. Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды.


Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Теориялық концепция – (бұл картография пəні мен оның əдістеріне қатысты белгілі бір көзқарастар жүйесі. Онда қазіргі кезеңдегі картография ғылымы мен өндірісінің дамуын айқын- дайтын үрдістерді түсіну мен анықтау деңгейі қарастырылады.
Тұғырнама ғылымның бұрынғы тəжірибелерін жинақтап болашақтағы даму үдерісін бағалайды. Бірақ онда əрқашан ғылымды түсінудің бүгінгі жағдайы мен болашағын ашып көр- сетіп, қазіргі көзқарастары мен өзекті мəселелері талқыланады. Тұғырнаманың эволюциясын жаңа прогрессивті заманауи əдістер мен технологияны, озық тəжірибелерді игеріп оларды жетілдіру дəрежесіне сəйкес ескінің жаңаға орын беруі арқылы көрініс та- батын ғылым теориясының біртіндеп даму жолы айқындайды. Қазіргі кезеңде картографияда бірнеше теориялық тұғырнама бар.
Танымдық немесе үлгілік-танымдық тұғырнама картографияны шындықты картографиялық үлгілеу құралы арқылы тану туралы ғылым деп қарастырып, картаны шындықтың үлгісі ретінде алады. Бұл анықтама картографияны жаратылыстану жəне əлеуметтік-экономикалық ғылымдарға жəне таным теория- сына жақын танымдық ғылым ретінде көрсетеді. Картографияға қатысты бұл тұғырнаманы Н. Н. Баранский, К. А. Салищев, А. Д. Гедымин, А. Г. Исаченко мен олардың ізбасарлары 1940 жылдары негіздеді.
Коммуникативтік тұғырнама картографияны кеңістіктік ақпаратты беру туралы ғылым, ол картаны ақпараттың арнасы жəне коммуникация құралы ретінде қарастырады. Бұл жағдайда картография ақпарат теориясымен, автоматикамен, қабылдау тео- риясымен тығыз байланысты ақпараттанудың бір саласы болып табылады. Бұл тұғырнаманың негізін ХХ ғасырдың 70-80 жылда- ры батыс картографтары Е. Арнберг, А. Колачный, А. Робинсон тағы да басқа ғалымдар қалады.
Тілдік (картаның тілдік) тұғырнама картографияны картаның тілі туралы ғылым, ол картаны шартты белгілердің көмегімен құрылған ерекше мəтін ретінде қарастырады. Бұл жағдайда картография лингвистика мен семиотиканың (тіл туралы ғылым) саласы, ал зерттейтін пəні картографиялық шартты белгілер жүйесі болар еді. Бұл көзқарастар жүйесі ХХ ғасырдың 70-80 жылдары А. Ф. Асланикашвилидің, А. А. Лютыйдың, Я. Правданың еңбектерінің нəтижесінде дамыды.
Картографияның өзге де ерекшеліктеріне баса назар ау- даратын жəне əр түрлі көзқарастармен үйлесетін басқа да теориялық ойлар да бар. Олардың қатарына картографияның үлгілік жəне коммуникативтік қызметі туралы түсініктер, басқа да бірқатар тұғырнамалар өзара үйлестірілген бейнелеу теориясының логикалық-философиялық қағидаларына негізделіп картографияның жалпы теориясы құрылатын метакартография (А. Ф. Асланикашвили бойынша) жəне картология (Л. Ратай- ский бойынша) жатады.
Жоғарыда аталған тұғырнамалардың əрқайысының шынайы негіздемелері, тиімді түйіндері бар. Олар картографияны бірі дүниені тану туралы ғылым, екіншісі коммуникация құралы, үшіншісі білім берудің ерекше тілі ретінде қарастырады.
Бұл картографияның сан қырлы екенін, қасиеті мен атқаратын қызметі алуан түрлі болатын карта шындықтың үлгісі, кеңістіктік ақпаратты берудің арнасы болумен қатар география мен Жер тура- лы ғылымның басқа түрлерінің ерекше тілі бар екенін айғақтайды.
Қазіргі кезеңде картографияда біртіндеп конвергенция үдерісі басым бола бастауы байқалып, картографияның пəніне қатысты əр түрлі көзқарастар жақындасып, картография мен картаның үлгілік, коммуникативтік, тілдік қызметтері туралы ұғымдар құрамдасуда.
ХХ ғасырдың 80 жылдарында картографияны ақпараттық- картографиялық жүйелі үлгілеу жəне геожүйені тану тура- лы ғылым ретінде қарастыратын жаңа геоақпараттанулық тұғырнама қалыптаса бастады. Геоақпараттану Жер туралы ғылымдармен жəне қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты.

Картография құрылымы жағынан күрделі пəндержүйесін құрайды.Оның маңызды құрамдас бөліктеріне – картатану, картография тарихы, математикалық кар- тография, картометрия, картографиялық ақпарат тану, картаны жобалау жəне құру, картографиялық семиотика, картаны безендіру (картографиялық дизайн), картографиялық өндірістің экономи- касы мен ұйымдастырылуы, картаны шығару, картографиялық зерттеу əдістері, картографиялық деректану, картографиялық то- понимика пəндері кіреді.


Картатану – ғылым ретінде пəннің жалпы мəселелерін, пəнін, зерттеу əдістерін, картаны құру мен пайдаланудың əдіснамасын, географиялық карта жəне оның түрлерін, қасиеттері мен құрамдас бөліктерін, даму тарихын, пайдалану əдістерін зерттейді.
Картография тарихы картографиялық ойлар мен түсініктер- дің, картография өндірісінің даму тарихын, сонымен қатар, ескі картографиялық өндірісті оқытады.
Математикалық картография – жер беті мен ғаламдағы аспан денелерін жазықтықта (картада) кескіндеудің математикалық əдістерін зерттейді. Онда картографиялық проекцияларды құрудың теориясы мен əдістері жасалып, белгіленген шартқа сəйкес бұр- маланулардың таралуы мен картографиялық торға талдау жасалады.
Картометрия – картадағы əртүрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын өлшеу жұмыстарын жүргізу əдістерін жасап шығарады.
Топография – географиялық жəне геометриялық əдістерді пай- далана отырып, жергілікті жерді оқып-үйрену негізінде ірі мас- штабты карталарды құру жолдарын зерттейтін картографияның бір саласы. Картаны жобалау жəне құру-карталарды зерт- хана жағдайында құру жəне саралау əдстерін жасап, оларды оқып-үйрену мəселелерін қарастырады. Ол өз кезегінде жалпы географиялық жəне тақырыптық карталарды жобалау мен құру мəселелерімен айналысатын бірнеше тараулардан тұрады.
Картографиялық семиотика – картография мен лингвис- тика ғылымының аралығындағы географиялық карталардың тілі болып табылатын картографиялық белгілер жүйесінің қасиетін зерттейді. Оның шегінде картографиялық шартты белгілердің шығу тегіне, жіктелуіне, қасиеттері мен қызметіне картографиялық кескіндеу əдістеріне қатысты көптеген мəселелер қарастырылады. Картографиялық семиотика синтактика, семан- тика, прагматика бөлімдерінен тұрады.
Картографиялық семиотика Картографиялық синтакти- ка шартты белгілер жүйесін құру жəне пайдалану ережелерін, олардың құрылымдық қасиеттерін, карта тілінің граматикасын зерттейді.
Картографиялық семантика шартты белгілер мен картада кескінделетін нысандар мен құбылыстардың арасалмағын зерттейді. Картографиялық прагматика картаны оқитын оқырман- дардың қабылдау ерекшеліктерін, коммуникация құралы ретіндегі шартты белгілердің ақпараттық құндылығын зерттейді.
Кейде картографиялық семиотиканың құрамына картография- лық өнімнің атқаратын қызметіне сəйкес кескіндеу мақамы мен құралдарын таңдау факторларын анықтау мəселелерін қарастыратын картографиялық стилистика бөлімі де енгізіледі. Картаны безендіру картографиялық өнімдерді баспа жəне компьютерлік құралдардың көмегімен көркем жəне графиктік жобалаудың жəне олардың сызықтарын безендірудің теориясын, əдістері мен құралдарын дайындап, оны басып шығаруға даярлау мəселелерін оқытады.
Картографиялық өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру –өндірісті жоспарлау жəне оңтайлы ұйымдастыру, картографиялық құралдар мен материалдарды, еңбек қорларын тиімді пайдалану, еңбек өнімділігін көтеру мəселелерін оқытатын картография мен экономикаға ортақ пəн.
Картаны басып шығару – карталарды, атластарды жəне басқа да картографиялық өнімдерді басып шығару технологиясын жа- сайтын техникалық пəн.
Картаны пайдалану картографиялық өнімдерді (карталар, атластар, глобустар т.б.) мəдениет, білім беру, ғылым, өндіріс салаларында іс жүзінде пайдаланудың теориясы мен əдістерін жасайды. Бұл пəн картада кескінделген құбылыстарды тануды көздейтін картографиялық зерттеу əдісіне негіз болады.Картографиялық деректану картаны құру барысында қолданылатын картографиялық деректерді (карталар, түсірілім- дер, статистикалық жəне тағы да басқа деректер) жүйелеу мəселе- лерін қарастырып, бағалау əдістерін жасайды.Картографиялық ақпараттану картаны жинау, сақтау, жүйелеу жəне оларды талдау, бағалау, тұтынушыларға картогра- фиялық өнім мен деректер туралы ақпараттарды ұсыну тарату мəселелерін қарастырып, əдістерін жасайды.
Картографиялық топонимика географиялық атаулар мен олардың мағыналық маңызының картада дұрыс берілуі тұрғысынан алғанда оқытады. Бұл пəннің міндеті картаға түсірілген атаулар мен терминдерді бір жүйеге келтіріп, стандарттау болып табылады.
Картографиялық пəндер жүйесі өзгермейтін бірқалыпты емес, ол тұрақты түрде үздіксіз дамиды. Ғылым мен техниканың өркендеуіне сəйкес картографияның жаңа саласы пайда бола- ды. Бір саласы қарқынды дамыса, екіншісі тежеліп тоқырауға ұшырауы мүмкін. Мысалы, электронды есептеу техникаларының енгізілуіне байланысты картографиялық проекциялар техниканың көмегімен құрылып, математикалық-картографиялық үлгілеу теориялық жəне əдістемелік тұрғыдан алғанда қарқынды дами бас- тады. Ғаламдық позициялау жүйесінің (GPS ) қалыптасуына бай- ланысты ғарыштық геодезия мен радиофизиканың аралығындағы мүдделер тоғысатын математикалық картографияның жаңа жерсеріктік позициялау бағыты пайда болды. Қорыта айтқанда, картография тірі ағаш сияқты тамырын тереңге тартып қарқынды дамып келе жатқан ғылым салаларының бірі болып табылады.
Картографияның жүйесіне тақырыбы жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар жалпы географиялық, геологиялық, топырақтық, экологиялық сияқты жаңа салалары дамуда.
Картаға түсіруді төменде көрсетілген əр түрлі негіздемелеріне қарай:
- нысанына қарай - астрономиялық, жоспарлы жəне жер бетіндегі, жерішілік – құрылықты жəне мұхитты картаға түсіру;
- əдісіне қарай жерүсті, аэроғарыштық жəне суасты;
- масштабына қарай - ірі, орта жəне ұсақ масштабты;
- жинақтау деңгейіне қарай-талдамалы, кешенді жəне синтетикалық;
- автоматтандыру дəрежесіне қарай - қолмен, автоматтанды-
рылған (интербелсенді), автоматты;
- жеделдігіне қарай базалық жəне жедел деп ажыратуға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет