Жұмыс –оқу бағдарламасы
5В010200- Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған
«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні бойынша
Атырау, 2015ж.
ТҮСІНІК ХАТЫ
Оқу пәнінің мақсаты мен міндеттері: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы - психология ғылымының аса маңызды және күрделі бір саласы. Жас ерекшеліктер психологиясын ғылыми пән ретінде жоғарғы оқу орындарында оқытылуы тек арнаулы білім беретін психология факультеттерінде ғана емес, сондай-ақ өзінің арнайы мамандығы мен білімін әр тарапты дамытуға ұмтылатын өркениетті жеке тұлғаға да қажетті пән.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы пәні бойынша оқу әдістемелік кешен 12 тақырыптан тұрады. Осы пән бойынша оқу әдістемелік кешен материалдар бойынша курстың тақырыптық жоспары, лекция сабақтарының тезистері, оқытушының басшылығы мен орындайтын студенттердің өзіндік жұмыстарының жоспары мен тапсырмалары студенттің өзіндік жұмысының жоспарлары, пән бойынша өзін - өзі тексеруге арналған тест сұрақтарымен қамтылған.
«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәні «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары студенттеріне арналған пән болып табылады.
«Кіші мектеп жасындағы оқушылардың даму психологиясы» пәнінің мақсаты - студенттерді онтогенездің әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теорияларын және тұжырымдамаларын, практикалық білімдерімен қаруландыру, олардың кәсіби психологиялық дайындықтарын күшейту, студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |