Факультетінің деканы п.ғ. к


-тақырып. Психология ғылымының дамуының негізгі теориялық мәселелері



бет55/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   127
Байланысты:
кіші мектеп ,даму психологиясы

3-тақырып. Психология ғылымының дамуының негізгі теориялық мәселелері

1 Психиканың даму теориялары туралы түсінік.

2 Биогентикалық даму: рекапитуляция туралы түсінік.

3 Психоаналитикалық даму

4 Социогенетикалық теория

5 Когнитивті теория.

6 Экологиялық даму теориясы

Психикалық даму туралы теориялары өте ерте кезеңде зерттелген тақырыптардың бірі болған. Жас кезеңдерге бөлуді алғаш ұсынғандар: Пифагор, Гиппократ, Аристотель және де т.б. Пифагор (б.д.д. 6 ғ.) адам өмірінде төрт кезеңді атап көрсетеді: көктем (адамның қалыптасуы) туғаннан 20 жасқа дейінгі; жаз (жастық шақ)-20-40 жас; күз (толысу)-40-60 жас; қыс (сөну) -60-80 жас.

Гиппократ он кезеңді көрсетеді, ал Аристотель балалық шақ пен жасөспірімдік кезеңдң үш сатыға бөледі: біріншісі – туғаннан жеті жасқа дейін, екіншісі-жетіден он төртке дейін; үшіншісі- он төрттен жиырма бір жасқа дейін.

Психиканың дамуын ғылыми тұрғыда түсіндірген Ч.Дарвин болды. Қазіргі кезеңде екі негізгі түсінікті атап көрсетуге болады.



  1. Эволюция – берілген нышандарды ашып көрсету. Осыған байланысты Л.С.Бергтің номогенез теориясы бойынша даму дегеніміз-туа берілген нышандардың дамуы, көрінуі. Ол туа берілген бағдарлама әсеріне байланысты болады.

  2. Эволюция- мүлдем жаңа нәрсенәі пайда болу үрдісі.

Біріншіде-ішкі факторларға сүйене отырып дамыса, екінші дамуда ескінің жаңға ұмтылуы, ескінің өліп, жағаның тууы, мүмкіншіліктен іс-әрекетке ауысу дегенді білдіреді. Барлық теориялардың негізін қарастыра отырып, А.Г.Асмолов адам дамуының үш негізін атап көрсетеді.

  1. Бұл – биогенетикалық даму. Жеке индивид ретіндегі адамның дамуы негізгі болып табылады. Олар белгілі бір антропогенетикалық ерекшіліктермен (нышан, темперамент, биологиялық жас, дене бітімі, мидың нейродинамикалық ерекшілігі т.б.) анықталады да, филогенетикалық бағдарлама мүмкіншілігіне орай онтогензге айналады.

  2. Социогенетикалық даму. Ол адамның әлеуметтенуіне назар аударады. Бұған Б.Скиннер, А.Бандураның үйрету теорияларын жатқызуға болады. Олардың айтуынша, адамның әр түрлі тәртіп формаларын үйрену үйретуге байланысты.

  3. Персогенетикалық теория негізі адамның белсенділігін, өзіндік сана мен жеке тұлғаның шығармашылығын, мотивтер күресін, индивидуалды мінезді, т.б. қарастырады.

А.Г.Асмоловтың теорияларына когнитивті бағытты қосуға болады. Ол биогенетикалық және социогенетикалық бағыттардың аралығы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет