Факультетінің деканы п.ғ. к


Объектілерді еске сақтаудың көлемінің өзгеруі



бет79/127
Дата06.01.2022
өлшемі1,05 Mb.
#13498
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127
Объектілерді еске сақтаудың көлемінің өзгеруі

Жасы

Заттық (образдық)

Сөздік (вербалды)

3-4

3,9

1,8

4-5

4,4

2,6

5-6

5,1

4,6

6-7

5,6

4,8


Ойлау.

Көрнекі бейнелі ойдың қалыртасуына қиял әсер етеді. Алғашында бала заттарды бір-бірінің қызметіне байланыссыз заттарды алмастырады. Кейін бала алмастырған заттардың белгілі бір функциялық рөлін анықтайды да, олармен тәжірибелік әрекеттер жасау өзінен-өзі өміршеңдігін жоғалтады. Сөздік- логикалық ойлау балада тілді меңгеру кезінде пайда болады. Мектеп жасының ортасында балада талдау ерекшелігі пайда болады да,әсіресе Ж.Пиаже сипаттайтын эгоцентрлік сөйлеу феноменінде еркше көрінеді. Балада талдау көрінгенмен, ол әлі де болса өлшем, сапа деген түсініктерді ажырата алмайды. Аталған ойлаудың түрі екі кезеңде өтеді. 1. Бала алдымен затқа байланысты сөзді меңгереді де, оны пайдаланады; 2. Бала логикалықталдау шартын меңгеріп, қарым-қатынасты ажырататын түсініктер жүйесін танып біледі. Логикалық ойлаудың дамуы кезінде балада іс-әрекеттің ішкі жоспарының даму үрдісі жүзеге асады. Н.Н.Подъякова бұл үрдісі зеттеу барысында дамудың 6 кезеңін атайды:

  1. Алдымен бала көрнекі-әрекеттік жағдайда қолдың көмегі арқылы заттармен манипуляция жасайды;

  2. Заттармен манипуляция жасауды одан әрі жалғастыра отыра, бала тілді пайдалана бастайды;

  3. Бала ойша бейнелерді талдай бастайды;

  4. Бала тапсырманы алдын-ала ойластырып, жоспар бойынша орындайды;

  5. Бала алдымен ойша іс-әрекетті жоспарлап алады да одан кейін оны жүзеге асыруға кіріседі;

  6. Тапсырманы іштей ғана орындалады да, оның бекуіне назар аударылмайды.

Н.Н.Подъяковтың зерттеулері бойынша, балада ойша жасалған кезеңдер мен жетістіктер жоғалмайды. Олар жаңа, жетілген түрімен одан әрі жалғасады.Қажет болған жағдайда балада көрнекі-әркеттік, көрнекі-бейнелі, сөздік- логикалық ойлаудың дамуы қайтадан қосылады. Осыдан мектеп жасына дейінгі балаларда интеллектінің дамуында жүйелілік принципі жүзеге асады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет