Ғаламдық мәселе Арал экологиясы



Дата16.05.2023
өлшемі13,46 Kb.
#93896
Байланысты:
Ғаламдық мәселе


Ғаламдық мәселе
Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Солтүстік Арал теңізі болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға ұлғаюда. Арал теңізінің тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. температура орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды.
Шешу жолдары
Егістік жерлерге бөлінетін судың мөлшерін есептеп сол туралы ақпараттар жинау . Артық судың шығынын азайту . Тұздың ауаға тарауын азайту

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет