Ғали Орманов


Алматы Cұлусың ғой Алматы



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі1,6 Mb.
#20779
1   2   3   4   5

Алматы

Cұлусың ғой Алматы,

Жасыл орман жамылған,

Жеріміздің сәулеті -

Жан құмартып сағынған!

Жеріміздің сәніндей

Сені кім жыр етпесін?!

Жемісіңнің дәміндей

Жұрт есінен кетпессің!


1940-1959 жж.

Өлеңдер


Отан тақырыбы

Махаббат тақырыбы

Ана тақырыбы

Ендігі өлеңдері майдан өмірі, жауынгердің ой арманы мен сыры жайында жазылған. Геройлары өлімнен намысты жоғары қояды. Олар бұл сөзді кеудесінен аққан қанды қолымен басып тұрып, шырақтай жалтырған екі көзінің жанары мәңгі бақи өшіп бара жатып та айтады.

Қаһар

Қаһар

Қорқытпас бірақ оқ пен өрт,

Шошытпас бізді жау түрі.

Жүректе бекем сонша серт:

Қайтпайды дұшпан сау, тірі!

Күйікті Отан қаһарлы

Жіберер жауды күл қылып.

Көгінде маздап қашанғы

Құшақтар жерді күн күліп!

Отан

Отан

Отаным, еркелегем өзге кімге?

Өзіңмен нені болса көргем бірге...

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде?

Жан қаһары

Қиратып қала, бағыңды,

Өртемек ойы күл етіп:

Мазақтап балғың шағыңды,

Қорламақ сені құл етіп.

Ана жігердің, күштің символы. Ол күш баланың анаға, ананың балаға деген махаббатынан туған. Анаға деген сүйіспеншілікті Отанға деген махаббатпен қабстыра жырлайды:

Әжімді ашаң, қарт анам,

Көрсем-ақ ақшыл шашыңды,

Қылыштан қорқып тартпаған,

Иер ем саған басымды!


Поэмалары

«Алынған қамал»

«Халық - қаһарманы»

«Бөбек жүрегі»

«Шәуілдір

«Сұлтан - дастан»


Ғали эпикалық поэзияға қалам тербеткен адам. Оның «Шәуілдір» шығармасында ақын жаңарған колхоз аулының өркендеп және бүгінгі өмірін қарама-қарсы суреттер арқылы көрсетуді көздейді. Бірақ ол сюжетті, эпикалық поэманын дәрежесіне көтеріле алмайды. Онда Шәуілдірдің кешегі ұсқынсыз бейнесі мен бүгінгі жаңарып қалаға айналған кейпін жалаң суреттеп, жаңалықтарын тізуден аса алмайды. Поэмада ауылдың жаңа адамдары мен олардың рухани өмірі көрінбейді.

Ғали эпикалық поэзияға қалам тербеткен адам. Оның «Шәуілдір» шығармасында ақын жаңарған колхоз аулының өркендеп және бүгінгі өмірін қарама-қарсы суреттер арқылы көрсетуді көздейді. Бірақ ол сюжетті, эпикалық поэманын дәрежесіне көтеріле алмайды. Онда Шәуілдірдің кешегі ұсқынсыз бейнесі мен бүгінгі жаңарып қалаға айналған кейпін жалаң суреттеп, жаңалықтарын тізуден аса алмайды. Поэмада ауылдың жаңа адамдары мен олардың рухани өмірі көрінбейді.

Ғалидың соғыс тақырыбына жазған ұзағырақ шығармасы — «Бөбек жүрегі» атты шағын поэмасы.

«Алынған қамал» қазақ әдебиетінде Солтүстік мұзды мұхитқа кеткен «Челюскин» кемесіндегі челюскиншілердің ерлігі суреттелетін поэма.

«Сұлтан-дастан» поэмасы Ұлы Отан соғысындағы бөлімше командирі Сұлтанның Кавказ тауының Белая өзенініңдегі ерлігі суреттелді. Ол неміс басқыншыларынан Кавказды қорғау шайқасында ерлікпен қаза тапқан Байсұлтан Оразевтің прототипі, Қарт полковник картаны ашып, Белая өзенінің қай тұсынан ұрыс салу керектігін түсіндіріп, таудың қым қиғаш қатпарлы қиын жолын Сұлтан бастаған бөлімшені жібереді. Тау ішінде жауға тұтқиылдан тиген әскер жеңіске жетіп, тірі қалғандарды ұстап әкетеді. Осы шайқаста Сұлтанға оқ тиіп, ерлікпен қаза табады.

  • «Сұлтан-дастан» поэмасы Ұлы Отан соғысындағы бөлімше командирі Сұлтанның Кавказ тауының Белая өзенініңдегі ерлігі суреттелді. Ол неміс басқыншыларынан Кавказды қорғау шайқасында ерлікпен қаза тапқан Байсұлтан Оразевтің прототипі, Қарт полковник картаны ашып, Белая өзенінің қай тұсынан ұрыс салу керектігін түсіндіріп, таудың қым қиғаш қатпарлы қиын жолын Сұлтан бастаған бөлімшені жібереді. Тау ішінде жауға тұтқиылдан тиген әскер жеңіске жетіп, тірі қалғандарды ұстап әкетеді. Осы шайқаста Сұлтанға оқ тиіп, ерлікпен қаза табады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет