Ғалымдар Алтын адамның қалай қайтыс болғандығын анықтады



Дата18.10.2023
өлшемі15,53 Kb.
#118240
Байланысты:
алтын адам


Алтын адам

  1. Алтын адам – Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық қазба. Есік қаласында табылған сақ жауынгері, біздің еліміздің басты символына айналды. Бұл адамның жасы – 16-18, ал бойы – 165 см болған.

  2. Табылған қорған – ерте темір дәуіріне (б.з.б. VII–III ғасыр) жатады. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жерлерде сақ тайпалары өмір сүрген.

  3. Зиратта 4000-нан астам алтын заттар, қылыш, қыштан жасалған 31 ыдыс, күміс табақтар, ағаш қасық, қола айна болды.

  4. Ғалымдар Алтын адамның қалай қайтыс болғандығын анықтады.

  5. Оның арқасына пышақ немесе қылыш соққысы жасалған.

  6. Оның бас киімінде төрт жебе бар, бұл әлемнің төрт жағын және ол адам, билеуші әулетке жататындығын білдіреді.

  7. Күміс ыдыстағы жазбалар, қай тілде жазылғаны әлі күнге дейін белгісіз.

  8. Зиратта табылған адамның қалдықтары әйелдікі болуы мүмкін.

  9. Биіктігі 70 сантиметр бас киім, сәукелеге өте ұқсайды.

  10. Кейбір мәліметтер бойынша, ол сақтардың патшайымы Тұмар (Томирис). Жауынгердің саусақтарында екі сақина киілген.

  11. Сақинадағы суретте, ежелгі Күн құдайы – Митра бейнеленген деген ақпарат бар.

  12. Алтынның жалпы салмағы қанша екені белгісіз.

  13. Қазба жұмыстары аяқталған соң, қорғанның орнына автобаза салынды.

  14. Қазіргі уақытта ол – Қазақстан Республикасының алтын және бағалы металдар мемлекеттік мұражайында орналасқан.

  15. Сондай-ақ, Нью-Йорк қаласының мұражайында, осы археологиялық табыстың көшірмесі бар.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет