Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын
шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады
.”
Кейбір адамдарға Абайдың осы сөздерінен қазақ елін шошқадан да төмен
қоюы көрініп қалар. Дегенмен, менің ойымша, бұл ақынның қазақ елінің
намысына тиіп, оларды ояту ғибратынан пайда болған теңеу. Ақыры азат
басы құл болған еліне жаны ашыған Абай «…
Түзетпек едім заманды, өзімді
тым-ақ зор тұтып…Көнбеді ешкім сөзіме, əдетіне қарысып…
» деп айтып
кеткен еді. Адам баласы жануар əлеміндегі санасы бар бір-ақ жан, алайда өз
санасын желтілдіру барлық адамның қолынан келе беретін нəрсе емес.
Ақынның табиғат сыйлаған санаға ие, бірақ есті сөзді іле алмайтын халықты
примитивті жануарға теңеуі де, еліне қамығуы да осыдан шыққан. Қабырғасы
қайысқан Абай қазақты жібі түзу “
толық адам
” болуға шақырған. Кейін ұлы
атамыздан шабыт алған Ғабит Мүсірепов “
Есті сөзді естігісі келмеген адам –
саңырауға тең
” деп қосқан еді.
Алайда Абай арам тер болды деп айту қате болар. Себебі естілік
мəселесінің
өзектілігін
талқылайтын
болсақ,
қазіргі
кездері
адам
психологиясы тақырыбы əлеуметтік желілерде қарқын алуда. Оның ішінде
зəуімен келген аспектілердің бірі - естілік, яғни орысшалай айтқанда
“осознанность” немесе “разумность”. Естілік күнделікті өмірдегі стандартты
заттар мен жағдайларға көзқарасты айтарлықтай өзгертеді. Адам естіліктің
арқасында өз физикалық, моральдық жəне мүмкіндіктерін біле отырып, қиын
жағдайларда əрекет етуді үйренеді. Осы себептен жаңа заманда психологтар
естілікті насихаттап, онлайн парақшаларында посттар жазады. Осылайша,
біздің Абай атамыз қозғау салып, ғасыр бұрын айтып кеткен мəселе енді əлем
деңгейінде талқылануда.
Қазақ əдебиеті сынының атасы бола тұра, Абай қазақ халқын
жамандады немесе жек көрді деп айта алмаймыз. Керісінше, Абай қазақты
рухани ыдырау мен рухани апаттан құтқарды деп санаймын. Ұлы философ
Леопольдо Сеа айтқандай “
Ақын елді мақтаса, оған жақпайтын тілде
мақтайды
”. Абай қара сөздерімен қазақ елін сынаса да, оның болашағын
ойлап сынағанды. Жалпы қарасақ ақынның қазақ еліне айтқан сыны барша
адамзатқа ортақ. Ұлы ақын постфеодалды заманда өмір сүрсе де, оның
даналығы əлі де көп ғасырлар бойы өзекті болады. Əлі де қазақ халқы ғана
емес, адамзат толықтай естілікке жетті деп айту бұрыс болар. Есті сөзге бет
бақтырмаудан басқа Абай адам бойындағы жалқаулықты, сыңаржақтық пен
арсыздықты сынаған. Қамшының сабындай қысқа өмірде пенде адам
бойынан ол қасиеттер кетер ме екен?
Сілтемелер:
[1] Х. Ж. Сүйіншəлиев. Абайдың қарасөздері – КазССР, Казгослитиздат, 1955
– 152 б.
[2] А. Əбдіғаппарова “АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ЕСТІЛІК МƏСЕЛЕСІ
ТӨҢІРЕГІНДЕ ЖАЗҒАН ҚАРА СӨЗДЕРІ”
https://shorturl.at/emuE6
[3] “Абай – бар болғаны бір-ақ кітап. Бірақ, оған бүкіл қазақтың болмысын
сыйдыра білген”
https://informburo.kz/pikir/bekbolat-tleukhan/abay-bar-bolany-br-a-ktap-bra-oan-b
kl-azaty-bolmysyn-syydyra-blgen.html
[4] “Абай қандай қазақты көргісі келді?
https://informburo.kz/pikir/bekbolat-tleukhan/abay-anday-azaty-krgs-keld.html
Достарыңызбен бөлісу: |