Сакити Тойода
Кайдзеннің басты ерекшелігі – онымен танысып,
меңгерген адам түрлі құралдарын қолдану арқылы өз
өміріне де, қоршаған ортасына да игі өзгерістер жасауға
ұмтылады. Кайдзеннің тарихына көз салып қарасақ,
осындай ізгі бастамалар мен өзгерістер кішкентай
қадамдар арқылы басталып, ұлы жаңалыққа әкелген.
Олай болса, әуелі оқырмандарды мен үшін тың дерек
болған кайдзеннің тарихымен таныстырып өтейін.