"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖЕРГІЛІКТІ СЕЛЕКЦИЯДАҒЫ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ-



Pdf көрінісі
бет252/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   372
Байланысты:
thesis114326

 
ЖЕРГІЛІКТІ СЕЛЕКЦИЯДАҒЫ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ-
БИОХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖОҒАРЫ-БЕЛСЕНДІ ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ 
 
Ұлықбекова М. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
madyna.ulykbekova@mail.ru
  
 
Қазақстан егін шаруашылығы тұрақты болмайтын аймақта орналасқан, сондықтан да жиналған 
бидайдың жалпы мөлшері мен бидай түсімінің көлемі жылдан жылға өзгеріп отырады. Бұл жағдай да 
стресске  төзімді  жəне  жоғары  өнімділігімен  ерекшеленетін  сорттарды  шығару  керек.  Селекцияда 
қолданылатын  əрбір  бастапқы  материалдың  түп  негізінде  мутациялық  өзгергіштік  жатады,  өйткені 
тұқым  қуалайтын  əртүрлілік  тек  мутация  нəтижесінде  ғана  пайда  болады.  Тұқым  арқылы  көбейтіп 
жаңа  сортты  алуға  қарағанда  мутанттарды  шығаруға  аз  уақыт  жұмсалады,  сол  себепті  жасанды 
мутагенез  əдісі  селекцияның  көптеген  сұрақтарын  талдаған  кезде  өте  тиімді  болып  көрінеді. 
Селекция үшін мутантты формалар – бұл бастапқы материал, олар сорт ретінде тек мұқият іріктеуден 
кейін  ғана  танылады,  көп  жағдайда  басқа  сорттар,  формалар  мен  мутанттармен  шағылыстырудан 
кейін.  
Қазіргі таңда химиялық мутагенез жаңа тиімді қосылыстарды табу бағытында дамуда. Олардың 
бірі беттік-белсенді заттар  (ББЗ).  
Зерттеу нысанасы: жергілікті селекциядағы жұмсақ бидай. Бидай дəндерін егу алдында 0,5-1% 
концентрациялы ББЗ сулы ерітінділерімен t 25
о
С 5 сағат бойы өңделді. Өңдеуден кейін дəндерді ағын 
сумен  30  минут  бойы  шаяды.  Содан  кейін  дəндерді
 
құрғатып,  егістік  жағдайында  1  м  егістік 
алқаптарына 20 дəннен екті. Бақылау ретінде өңделмеген дəндерде болды. 
Зерттеу  нəтижелерінде  ББЗ  0,5-1%    концентрациясында  келешегі  бар  əлсіз  мутаген  болып 
келетіндігі анықталды. Жұмсақ бидайдың мутациялық селекциясында ББЗ қолдану бірінші ұрпақтың 
өзінде-ақ  тұрақты  мутантты  формаларды  алуға  мүмкіндік  береді.  0,5-1%-дық      ББЗ  (Тритон  Х-305, 
Твин  20 жəне  т.б.)  сулы  ерітіндісінің  əсерінен  жұмсақ бидайдың  морфофизиологиялық    белгілері  –  
масақ  пішіні,  жапырақ  буыны  түсі  жəне  т.б.  өзгереді.  ББЗ-мен  əсер  еткенде  өсімдіктерде 
морфологиялық  өзгерістерімен  қатар  сабақтың  түсі  өзгерген.  Мысалы,  алынған  өсімдіктерде  келесі 
өзгерістер фенотиптік көріністерді берді: сабақтың жəне жапырақтың антоцианмен боялуы, сабақтың 
күлгін түске боялуы, жапырақ пластинкасының түсі, жапырақтың орналасуының бұзылуы, сабақтың, 
жапырақтың  пластинкасының  балауыздығы.      ББЗ  –  мен  өңделмеген  егінділерде  өсімдіктердегі 
морфоздар саны 1,1

0,1 %.  
Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д Омирбекова Н.Ж. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет