173
Тұзды топырақ құрамындағы хлорлы натрийдің жоғары концентрациясы басқа да
катиондардың, əсіресе өсімдіктің тіршілігі үшін қажет калий, кальций сияқты элементтердің
жинақталуына кедергі жасайды.
Зерттеу материалдары ретінде Құмай өсімдігінің Сажень, Сахарное-32, Север сорттары
алынып, оларға хлорлы натрийдің (NaCl) əртүрлі концентрациясының əсері зерттелді. Зерттеу
барысында сорттардың дəнінің өнгіштігінен бастап хлорлы натрийдің кері əсері байқалды жəне
жекеленген мүшелерінің өсуі де баяулайтындығы байқалды. Мұндай көрсеткіштер сорт
ерекшеліктеріне байланысты орын алды. Мысалы Сахарное-32 сорты тұздың төменгі мөлшерінде
жақсы өнгіштік көрсетсе, тұздың жоғарылаған орталарында дəннің өнгіштігі бақылаумен
салыстырғанда 4 пайызға төмендеді. Осындай көрсеткіштер Север жəне Сажень сорттарыныңда
өзіндік ерекшеліктер бар екендігін көрсетті.
Тұздың əртүрлі концентрациясының жер үсті мүшесінің өсуіне де əсері анық байқалды (10
күн). Мысалы, Сажень сортының жер үсті ұзындығы 0,9 % хлорлы натрийдың (NaCl)
концентрациясының əсерін бақылау вариантымен салыстырғанда 66,3 %-ға төмендеген. Ал,
Сахорное-32 сортында 59,2 %-ға, Север сортында 49,9 %- ға дейін төмендеді. Зерттеуге алынған
сорттардың ішінде тұзға сезімталдылығымен Сажень сорты ерекшеленді. Сорттар арасындағы
сезімталдылықтың мұндай көрінісі өсімдіктердің тамыр жүйесінің өсу көрсеткіштерінде де
сақталатындығы байқалды. Дегенмен, тұздың орташа жəне жоғары мөлшерінің сорт ерекшеліктеріне
байланысты əсер ету ықпалы түрлі болатындығы анықталды.
Ғылыми жетекші - б.ғ.к., қауым. проф.м.а. Кіршібаев Е.А.
Достарыңызбен бөлісу: