"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


АДАМНЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРЫНА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет254/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   372
Байланысты:
thesis114326

АДАМНЫҢ ТҰҚЫМ ҚУАЛАЙТЫН АУРУЛАРЫНА ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ӘСЕРІ 
 
Ұзақбай Ұ.Ə.  
Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық Университеті 
uzakbay_ulzhana@mail.ru
 
 
   Адам  қоршаған  ортадан  тыс  өмір  сүре  алмайды.  Кез-келген  басқа  тіршілік  иелері  сияқты 
қоршаған ортамен тұрақты өзара қарым-қатынаста болады. Басқаша айтқанда, біздің денсаулығымыз 
–  қоршаған  ортаның  жағдайына  тікелей  тəуелді.  Соңғы  кездері  ғалымдардың  дабыл  қағып 
жүргеніндей,  қоршаған  ортаны  бүлдірудің  асқынғаны  сондай,  оның  енді  адамдардың  генетикалық 
құрылымына əсер ету қаупі туындады. 
Əлем  бойынша  радиоактивтіліктің  жəне  химиялық  ластанудың  нəтижесінде  ананың 
құрсағындағы шарананың дамуы кезінде пайда болатын патологиялардың, қатерлі ісік ауруларының, 
психикалық ауытқулардың жəне тағы басқа ауыр сырқат түрінің саны артып келеді туындады. 
Қоршаған  ортаның  адамдардың  генетикалық  құрылымына  əсерін,  генетиканың  бір  саласы 
экологиялық  генетика  зерттейді.  Адамның  экологиялық  генетикасы  эволюцияның  жалпы 
биологиялық заңдылықтарымен байланысты. Эволюция барысында адам сыртқы ортаның алуан түрлі 
өзгерістеріне реакция мөлшері кең биологиялық түр ретінде бейімделіп отырады. Бейімделу əрекеті 
топтық немесе популяциялық деңгейде генотиптердің сұрыпталуымен қатар жүреді. Сыртқы ортаның 
зиянды  немесе  қандайда  бір  жаңа  факторларының  əсеріне  байланысты  адамда  жағымсыз 
өзгерістердің қалыптасуы мүмкін. Олар: 
1)  тұқым қуалау материалының құрылысының өзгеруі; 
2)  патологиялық геннің экспрессиялануы; 
3)  популяция генофондының өзгеруі; 
Сыртқы  орта  факторларының  əсерінен  аллельдердің  патологиялық  көріністер  беруін 
экогенетикалық реакциялар немесе экогенетикалық аурулар деп атайды.  
Экогенетиканың  негізгі  мақсаты  тұқымқуалаушылыққа  тəуелді  патологиялық  реакцияларды 
анықтау  үшін  сыртқы  орта  факторларының  (əсіресе,  жаңа)  əсерін  зерттеу.  Бұл  уақытынан  бұрын 
өлімге  ұшыраудан,  мүгедектіктен,  аурушылықтан  қорғайтын  əрбір  адам  үшін  адаптивті  ортаны 
құруға (жеке диета, климат таңдау, дəрілермен уланудан сақтау, кəсіби таңдау) негіз болады. Сыртқы 
ортаның  зиянды  немесе  қандай-да  бір  жаңа  факторларының  əсеріне  байланысты  адамда  жағымсыз 
өзгерістердің  қалыптасуы  мүмкін.  Олар:  тұқым  қуалау  материалының  құрлысының  өзгеруі, 
патологиялық  геннің  экспрессиялануы,  популяция  генофондының  өзгеруі,  сыртқы  орта 
факторларының  əсерінен  аллельдердің  потологиялық  көрністер  беруін  экогенетикалық  реакциялар 
немесе экогенетикалық аурулар деп атайды туындады. 


174 
 
Адамның  хромосомалық  аурулары  популяциядағы  жаңа  туылған    балаларда  1/200 
қатынасындай жиілікпен  кездеседі. Хромосомалық өзгерістер жиілігі 6%-і эмбрональдық кезеңдегі 
өлімі  10%-ке  жуық.  Хромосомалық  ауытқушылардың  басым  көпшілігі  алғашқы  жүктіліктің  1-ші 
апталарында эмбрональдық кезеңде байқалып өздігінен түсіктердің 50-70%-і хромосомалық аберация 
болады.  Хромосомалық  өзгерістер  алғашқы  бедеуліктің,  жыныстық  жетілмеудің  балаларда  ақыл-
есінің, дене құрылысының кемшілігінде белгілі рөл атқарады.   
Жоғарыда  айтылғандардың бəрі тұқым қуалайтын ауруларды емдегеннен гөрі оны болдырмай, 
алдын алу адамға да, қоғамға да да тиімді екенін көрсетеді. 
Ғылыми жетекшілері: аға оқытушы Джунусова Р.Ж., оқытушы Қауынбаева Э.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет