СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ ҚЫЗЫЛ ҚАНАТ SCARDINIUS ERYTHROPHTHALMUS БАЛЫҒЫНЫҢ МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Мəлікова С. М.
Əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
saltanat.malik.96@mail.ru
Қызыл қанат Scardinius erythrophthalmus балығы - Қазақстан аумағында Жайық, Ембі, Уил,
Сағыз өзендерінде жəне Арал теңізі бассейнінде, Сарысу жəне Шу өзендерінде кездеседі.
Понтикалық тұщы су фаунасының кешеніне жатады (Никольский, 1980). Қоршаған орта жағдайына
байланысты, қызыл қанат балығы Scardinius erythrophthalmus – масалық үлесі жағынан жоғары
балық емес, айтарлықтай маңыздылығы жоқ, əуесқой балық аулау объектісі ретінде қызығушылық
тудырады. Біздің зерттеуіміздегі мақсатымыз, Сырдария өзеніндегі қызыл қанат Scardinius erythrophthalmus балығының морфобиологиялық сипаттамасына жəне қазіргі жағдайына баға беру
болып табылады.
Біздің зерттеуімізде қызыл қанат балығы 2017 жылы шілде айында, Сырдария өзенінен
ауланды. Аулауға пайдаланылған құрма аудың ұзындығы 200 м, торларының көлемі 30- дан бастап
50 мм аралығы. Балықты аулаған соң 4 % формалинмен фиксацияланып, лабораториялық
жағдайда ихтиологиялық талдау жалпы қабылданған И.Ф. Правдиннің (1966), əдісі бойынша
жасалынды. Статистикалық өңдеу Г.Ф. Лакин (1990), ұсынған əдіс бойынша (MS Excel 2010)
бағдарламасы арқылы жасалынды. Тұрақты ортаны бағалау М.В. Захаров (2000) бойынша
анықталды.
Біздің зерттеуімізден алынған нəтижелер: D I-II 8-10; А I-II 9-13; V I-I 7-8; P I-I 13-15.
Омыртқаларының саны 35-тен 39-ға дейін, желбезек доғаларының саны 14-тен 17-ге дейін. Əдебиет
көздерімен салыстырғанда ауытқулар жоқ. Бүйір сызығындағы қабыршақтардың саны 40-тан 43-
ке дейін, əдебиет көздерінде 37-ден 45-ке дейінгі аралықтарды салыстырғанда кіші болып келеді.
Дене ұзындығы (L) 229,3 мм, ал орташа 186,1 мм, салмағы (Q) 192,46 г, орташа 97,7 г тең əдебиет
көздерінде дене ұзындығы 125-255 аралығы, ал салмағы 450 г аралықтарында салыстырғанда кіші
болып табылады. Қоңдылық коэффициенттері Фультон бойынша 2,19-тен 2,78 дейін, Кларк бойынша
қоңдылығы 2,00 тен 2,38 дейінгі аралықта кездеседі. Тұрақты ортаны бағалау коэффициенті >0,33
төмен, бұл балықтардың суқоймадағы жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Біздің зерттеу нəтижесін қорытындылай келе, қызыл қанат балығының морфологиялық жəне
биологиялық көрсеткіштерінде қатты ауытқулар байқалмады. Сондықтан қызыл қанат балығы үшін
Сырдария өзені тіршілік етуіне қолайлы болып табылады.
Ғылыми жетекші б.ғ.к доцент Кожабаева Э.Б.