"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ЖҮРЕКТІҢ ТУА БІТКЕН ДАМУ АҚАУЛАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ



Pdf көрінісі
бет211/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   372
ЖҮРЕКТІҢ ТУА БІТКЕН ДАМУ АҚАУЛАРЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ 
 
Хани А. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті 
janim_menim_93@mail.ru
 
 
Оқу үрдісі кезеңінде кешенді бағалау жүргізілді, тұлғалық, жыныстық ерекшеліктегі ролі, оқу 
үрдісінің  нəтижелі  болуына  үлгерімдері,  оқушы  еңбегіне  қауырттылықты  тудыратын  приоритеті 
бойынша  ранжирлеу  негізінде  жүргізілген  əсер  етуші  факторлар  анықталды.  Балалардың 
экстремалды жағдайдағы функционалдық қауырттылығының сандық бағалануы, болжамы бойынша 
математикалық моделі алынды.     
Қазақстан  Республикасы  бойынша  нəрестелер  мен  ерте  жастағы  балалар  арасында  жүрек 
ауруларының  таралуы.  Зерттеу  кезеңінде  республикалық  бойынша  жүректің  туа  біткен  даму 
ақаулары  бар  1  жасқа  дейінгі  тіркелген  балалардың  саны  –  6712  құрады.  Олардың  –  3239  (48,2%) 
2015  жылы, ал  3473  (51,8%)  2016 жылы  тіркелген.  Облыстар  мен  республикалық  маңызды қалалар 
бойынша  жүректің  туа  біткен  даму  ақауы    экстенсивті  таралу  көрсеткіштері  бойынша:  ең  төменгі 
деңгей  Шығыс  Қазақстан  (3,0  %),  Атырау  (3,1%)  жəне  Батыс  Қазақстан  Облыстарында  (3,3%) 
анықталса,  ең  жоғарғы  деңгейлер  Оңтүстік  Қазақстан  (28,1%),  Жамбыл  (7,6%)  жəне  Маңғыстау 
Облыстарында  (7,4%)  байқалған.  Бала  туудың  өсуіне  бала  туа  алатын  жастағы  жəне  баланы  жиі 
туатын жастағы əйелдер санының артуы да себеп болуда (20-29 жас). Қазіргі кезде фертильді жастағы 
(15-49  жас)  əйелдер  саны  облыстағы  барлық  əйелдер  санының  49,5.  құрайды.  Ересек  жастағы 
əйеледердің бала тууы артуда.  
Жүректің  туа  біткен  даму  ақаулары  кең  тараған  аномалиялардың  бірі  жңне  статистикалық 
мəліметтер  бойынша  1000  нəрестеге  шаққанда  6-8  жағдайдағы  жиілікпен  кездеседі.  Сондықтан 
жүректің  туа  біткен  даму  ақаулары  бар  балаларға  кардиохирургиялың  көмек  көрсетудің  негізгі 
стратегиялық  бағыттарының  негізі  аталған  патологияның  эпидемиологиялық  ерекшеліктерін  білу 
заманауи медицинаның өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.  
Жүргізілген  зерттеу  нəтижесінде,  2015  жылы  7695  дүниеге  келген  балалардың  84-де  (1,09%) 
жүректің  даму  ақаулары  кездескен,  оның  33  (39,3%)  ер  бала,  51(60,7%)  қыз  бала.  2016  жылғы 
қорытындысы  бойынша  7748  нəресте  тіркелген,  соның  арасында  92  (1,26%)  нəрестелерде  даму 
ақаулары  табылды,  оның  48  (52,2%)  ер  бала, 44(47,8%)  қыз  бала.    Жүректің  туа  біткен  даму  ақауы  
таралу  жиілігінің  ерекшеліктерін  анықтау  мақсатында  интенсивті  көрсеткіштермен  есептеп  жəне 
анықталған  көрсеткіштерді  популяция  бойынша  таралу  жиілігі  мен  нəтижелерін  өзара  салыстыру 
жүргізу қажет.  


145 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет