17
МАҚТА ӨСІМДІГІН ЖЫЛЫЖАЙДА ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Байғазы А.А.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті
mikow.aium@mail.ru
Мақта өсімдігі жылуды, жарықты көп қажет ететін, тек қана суармалы жерлерде өсетін
талшықты дақыл. Оның Қазақстанның кез келген өңірінде өсіру мүмкін емес. Əсіресе Қазақстанның
кескін континенталды қысы суық, жазы құрғақ сондай-ақ жауын-шашын мөлшері аз, күн сəулесінің
түсу мөлшері қысқа болған, Батыс, Солтүстік аймақтарда мақта өсімдігін өсіру мүмкіндігі өте төмен.
Алайда, жоғарыда аталған талаптардың барлығын өз ішінде қамтитын орын жылыжай болғандықтан
мақтаны Ақтөбе облысындағы орналасқан Ақтөбе Ауылшаруашылық колледжінің жылыжайында
өсіріп көруді жөн көрдік. Болашақ биолог мамандарын даярлауда жылыжайдың маңызы зор,
өйткені жылыжайда əр түрлі өсімдіктерді өсіру арқылы студенттердің білімі артып, мамандығына
деген қызығушылығыда арта түседі. Топырақты дұрыс, өз уақытында өңдеу сапалы өнім алудың
негізі. Алайда, сапалы тұқым, өз уақытында тұқымды дұрыс себу сияқты барлық технологиялық
операцияларды жүргізудің нəтижесінде ғана жоғары өнім алуға болады.
Жылыжайда мақта өсімдігін өсіруде қара қоңыр топырақ қолданылды. Қара қоңыр топырақтар
құнарлылығы жоғары, гумин қышқылына бай болып мақтадан жоғары өнім алу мүмкіншілігі жоғары.
Топырақты 25-30 см тереңдікте қопсытылып, тұқымды себуге дайындалады.Əрбір қатарда 10
тұқымнан егіліп, жалпы 30 түп мақта егілді. Тұқым себу барысында топырақ температурасы 13-15
0
С-
ты құрады. Негізгі ашық егістікте мақта өсіргенде 1га-ға 40-100 кг тұқым себіліп, 1га жерде орташа
есеппен 100-120 түп мақта өсуі қажет. Мақта өсірудегі негізгі жұмыстардың бірі егістікті күтіп
баптау. Яғни мақтадан жоғары өнім алу үшін топырақтың қабыршағын жою, уақытылы суару,
тыңайтқыштар себу, аурулар мен зиянкестерге қарсы күресу ең басты шаралар болып табылады.
Жылыжайда мақтаға тыңайтқыш ретінде бастапқы кезде азот селитрасы, гүлдеуге дейін жəне гүлдеу
барысында фосфорлы тыңайтқыштардан супер фосфат себіліп, сонымен қатар вегетация барысында
5-6 рет арықпен суарылды. Мақта толық гүлдегенге дейін өсу нүктесін шырау «чеканкалау»
жұмыстарын (академик Т. Д. Лысенконың əдісі) өткіздік.
Мақаланы қорытындылай келе, жылыжайда мақта өсіру технологиясы тақырыбыөзекті мəселе
болды. Оңтүстікте өсетін мақта өсімдігінің Ақтөбе облысында жылыжайда өсірудің жаңашылдығы
жəне экономикалық тиімділігі туралы зерттей келе, мақтадан жылыжайда орташа өнім алу мүмкіндігі
бар деген шешімге келдім.
Ғылыми жетекшісі: Атаева Г.М.
Достарыңызбен бөлісу: