"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет255/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   372
Байланысты:
thesis114326

PUCCINIA RECONDITA БИДАЙДЫҢ ЖӘНЕ BRACHYPODIUM DISTACHYON- НЫҢ ІШКІ 
АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНА ӘСЕРІ 
 
Халық А. 
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
khalykovaanara@mail.ru
  
 
Қазақстан  Республикасында  бидай  ең  маңызды  азық-түлік.  Бидай  дақылдарында  кездесетін 
аурулардың  ішіндегі  көп  таралғаны  Puccinia  recondita  споралары  тудыратын  қоңыр  жапырақ  таты 
болып табылады. Осыған орай қазіргі селекцияның басты міндеті - патогенге төзімді сорттар шығару  
мен төзімділігін арттыру үшін жаңа əдістерді анықтау болып табылады. 
Жұмыстың  мақсаты  –  қоңыр  татының  Puccinia  recondita  патогенінің  жұмсақ  бидайы  мен 
модельді  нысананың  Brachypodium  distachyon  (21  линия,  BD21)  ішкі  анатомиялық  құрылымының 
сандық көрсеткіштерінің əсерін анықтау   
Өсімдік  материалын  фиксациялауы  далалық  жағдайда  дəстүрлі  тəсілдермен  жүргізілді. 
Анатомиялық кескіндердің қалындығы 10-15 мкм.  
P.recondita əсерінен  бидайдың жалау жапырақтарының анатомиялық құрылымында өзгерістер 
анықталды. Казахстанская 19 сортында  жапырақ пластинкасының қалыңдығы  əсерінен  бақылауға 
қарағанда  24%-ға,  ал  ксилемді  түтіктердің  диаметрі  3,43%-ға    ұлғаяды.  Казахстанская  раннеспелая 
сортында жапырақ пластинкасының қалыңдығы P.recondita əсерінен бақылауға қатысты 49,5%-ға, ал 
ксилемді түтіктердің диаметрі 45,6%-ға ұлғаяды.  
B. distachyon  жабайы  дақылдың  жапырақ  пластинкасының  қалыңдығы  патоген  əсерінен, 
бақылаумен салыстырғанда, 30,25%-ға, ал ксилемді түтіктердің диаметрі 24,42%-ға  ұлғаяды. 
Ішкі  анатомиялық  құрылымдарының  зерттеу  нысанасы    келесіде.  Патогеннің  спораларымен 
инфекцияланған Казахстанская 19 сортының сабағында бақылау өсімдіктерімен салыстырмалы түрде 
сабағының  қалыңдығы  қысқарды,  өткізуші  ұлпаның  -  ксилемді  тамырларының  диаметрі  аса  қатты 
емес  азайды.  Жұқпалы  өсімдіктердің  Казахстанская  раннеспелая  сортына  қарсы,  бұл  көрсеткіштер 
бастапқы  сорттардан  асып  түседі.    Тамырының  қалыңдауы  байқалады,  ксилемді  элементтердің 
мөлшері  ұлғаяды  жəне  бұл  өз  кезегінде  тамырдың  ұлғаюына  алып  келеді(опыт  223,19±3,35  мкм, 
контроль 176,06 ±1,81 мкм). 
Казахстанская  19  бидайдың  ішкі  құрылымында  патогенмен  инфекциялануы  бастапқы 
тамырдың  қалыңдығының өсуіне, ксилемнің диаметрі мен орталық цилиндр диаметрінің ұлғаюына 
алып  келеді  деп  анықталған(770,41  мкм).  Казахстанская  раннеспелая  сортының  тəжірибелік 
өсімдіктерінде  керісінше  бастапқы  тамырдың(269,30  мкм),  орталық  цилиндрдің  қысқаруы 
байқалды(345,55  мкм).  Зерттеуге  алынған  бидай сорттары  қоңыр  тат  ауруының  қоздырушысына  əр 
түрлі жауап қайтарды. 
Ғылыми жетекшісі- б.ғ.д. Омирбекова Н.Ж.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет