ФИЗИКАЛЫҚ МУТАГЕНЕЗДІҢ БИДАЙ ДӘНІНДЕГІ ҚОР БЕЛОКТАРДЫҢ МӨЛШЕРІНЕ ӘСЕРІ
Əскер П.Б, Сабырбек М.М, Wang Yarong
əл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
askerperizat@gmail.com
Қазіргі таңда бидай ең маңызды дəнді-дақылдардың бірі болып есептеледі. Бидайдың сапалық
көрсеткіштерінің бірі қор белоктары. Белок ол дəнді- дақылдарының тағамдық құндылығын
анықтайтын маңызды белгі. Көптегі əдебиеттегі зерттеулерге əдеттегі жағдайда бидайдың дəн
құрамындағы белок мөлшері 12-13% аралығында болады. Еліміздегі өндірілген бидай дəн белок
мөлшері халықаралық стандарттан төмен. Сондықтан, қазіргі танда əртүлі селекциялық əдістерді
пайдаланып, құрамындағы қор белок мөлшері жоғары бидай сорттарын шығару өте маңызды.
Мутагенез – бидайдың жаңа формаларын алудағы преспективті əдістердің бірі болып
табылады. Мутагенез екіге бөлінеді. Физикалық жəне химиялық мутагнез. Бірақ бұның ішінде ең көп
қолданысқа ие – физикалық мутагенез. Радиоактивті сөулелердің əсерінен пайда болатын
мутациялар.
Біздің жұмысымызда зерттеу обьектісі ретінде жаздық бидай Эритросперумум-35 сортынан,
гамма сəулесінің (100 Gy дозасымен) өңделген мутантты линиялары (151(2), 149(2), 159(1), 155(2),
153(4) ) жəне бастапқы сорты (Эритросперумум-35) алынды. Бидай дəніндегі қор белоктардың
мөлшері ZX50 Portable Grain Analyzer құрылғысы арқылы анықталды.
Зерттеу нəтижесіне сəйкес бастапқы сортта қор белоктардың мөлшері 13,30±0,32. Гамма
сəулесінің 100 Gy дозасымен өңделген мутант линияларда қор белоктардың орташа мəні 14,25±0,01
болып, бастапқы сортпен салыстырғанда 7%-ке жоғарлады.
Ғылыми жетекші: б.ғ.д., профессор Кенжебаева С.С.