189
Анабиоз жағдайында клеткаларды сақтаудың мақсаты организмнің тыныштық жағдайда
тіршілікке қабілетті құрылымын сақтау жəне қолайлы жағдайда қайта қалпына келу болып саналады.
Цианобактериялардың анабиоз жағдайынан шығу кезінде бір қатар құрылымды өзгерістер болады.
Қайта қалпына келу барысын тікелей микроскоппен бақылау арқылы жүргіздік. Бақылау барысында
клеткалардың трихомаларының көп бөлігі ұсақ бөлшектерге бөлінгені анықталды. Сонымен қатар,
трихомалардың кейбір аймақтары қайтымсыз зақымдалған. Микроскоптау барысында клетканың
тіршілікке қабілетті жəне зақымданған аймақтары айқын көрінеді. Бірақ барлық клетка жіпшелері
толық сақталмаған, мүмкін сусыздандыру кезінде клетка аралық байланыстардың бұзылуы нəтижесі
болуы мүмкін. Сондықтан клетка жіпшелері қысқа бөліктерге бөлінген.
Сусызданудан кейін регидратацияланған клеткалардың негізгі геометриялық параметрлерін
өлшеу нəтижесі бойынша клеткалар 24 сағат қоректік ортада реактивациялаудан кейін қалпына келе
бастайды.
Ғылыми жетекші: б.ғ.к. Акмуханова Н.Р.
Достарыңызбен бөлісу: