210
жиырмадан астам ауру түрлерімен астам залалданады. Осыған байланысты аурулармен күресудің
негізгі əдісі –сауықтырылған көшет материалын қолдану болып табылады.
Көшет материалын сауықтыру үшін биотехнологиялық əдістер, соның ішінде өсімдіктерді
клондық микрокөбейту кеңінен қолданылады.
Бастапқы экспланттарды алу үшін құлпынайдың Зенга- Зенгана, Капабланка, Дана сорттары
алынды.
In vitro қоректі ортасына енгізу үшін материал ретінде өсімдіктің мұртшалары жəне
тамырланбаған
розеткалары
пайдаланылды.
Зертханалық
жағдайда
өсімдік
бөліктерін
заласыздандыру үшін «Доместос», «Белизна» жəне HgCl
2
ерітінділері əр түрлі қатынаста жəне
экспозияцияда қолданылды.
Залалсыздандырылған құлпынай экспланттарын қоректік ортаға енгізу үшін құрамында БАП -
0,1 мг/л, ИМҚ - 0, 1 мг/л, ГҚ - 0,01 мг/л бар, рН – 5,6 түрлендірілген Мурасиге жəне Скуг қоректік
оратсына отырғызылды, қоректік ортасына 3 апта бойы ұсталып, құлпынай өсімдігін клондық
микрокөбейту жағдайына фитогормондар əсерін анықтау үшін Мурасиге-Скуг қоректік ортасына
БАП (0,5-1 мг/л), ИМҚ (0,2; 0,1 мг/л), ГҚ (0,05; 0,5 мг/л), сахароза (20; 30 г/л) қосылды. Экспланттар
жарық бөлмеде 16 сағаттық фотопериодта, 23-25
0
С температурада 5-7 апта өсірілді жəне 5 күн
сайын бақылаулар жүргізілді.
Тəжірибе нəтижесінде залалсыздандыру үшін ең жоғары көрсеткіш HgCl
2
0,1% 3 минуттық
уақыт экспозисиясы агенттер нұсқасында тірі қалған өсімдіктердің 80% құрады.
Тəжірибеге алынған 3 сорт құрамында 0,5-1,0 мг/л БАП, 0,1 мг/л ИМҚ, 0,05 мг/л ГҚ, 30 г/л
сахароза бар Мурасиге жəне Скуг қоректік ортасында жақсы көбейді. Ең жоғарғы көрсеткіш Дана
сортында болды, ең төменгі көрсеткіш 1,0 мг/л БАП; 0,2 мг/л ИМК; 0,5 мг/л ГК; 30 г/л сахароза құрам
нұсқасында Зенгана сортында болды. Ерекшеленген қоректік орта нұсқасында өсімдіктердің
ұзындығы, олардың дамуы, жапырақтар саны мен түсі жоғары деңгейде болды. ГҚ 0,5 мг/л болған
қоректік ортада каллустардың түзілуі байқалды. БАП 0,5 мг/л (төмен) болған жағдайда өсімдіктердің
кобею коэффициенті төмендеді.
Қорыта келгенде, клондық микрокөбейту үшін құлпынай өсімдіктерін 0,5-1,0 мг/л БАП, 0,1
мг/л ИМҚ, 0,05 мг/л ГҚ, 30 г/л сахароза бар МС қоректік ортасында өсіру тиімділігі анықталды.
Ғылыми жетекші: б.ғ.к., профессор Есмагул Куаныш
Достарыңызбен бөлісу: