Тамақтану – адам денсаулығы жəне ағзаның физиологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз етуде
шешуші рөл атқаратын қоршаған ортаның маңызды факторы. Соңғы жылдары гипокинезияның
дамуына алып келетін жұмыстағы, үйдегі, тағы басқа да себептерге байланысты ауырлықтың артуы,
күндік режим жəне белсенді қозғалыстың жетіспеушілігі адам ағзасында күрделі өзгерістерді
тудыруы
мүмкін.
Осыған
байланысты
гипокинезияның
гипокинетикалық
зақымдану,
профилактикалық əдістерінің жасалу жəне түзетулер салдарының механизмдерін зерттеу үлкен
əлеуметтік мəнге ие. Қоршаған ортаның қолайсыз факторларының адам ағзасына кешенді əсер етуі
энергия шығымының едəуір дəрежеде жоғарылауына, тамақтанудың нақты факторларына
қажеттіліктің артуына алып келетін зат алмасу үрдісі мен физиологиялық өзгерістерді туындататыны
белгілі.
Биологиялық белсенді қоспаны қолдану арқылы гипокинезияны алған тышқандардың
бейімделу мүмкіндігін анықтау үшін дене салмағы 180 -220 грамм, үш айлық Вистар линиясының
жыныстық толығымен жетілген 30 шақты аталық тышқандарына зеттеу жұмыстары жүргізілді.
Гистологиялық зерттеулер үшін жалпы қабылданған кесінділерді зерттеу əдістері қолданылды.
Гипокинезия əсерінен жəне арнайы қоспасы бар гипокинезияның əсерінен бауыр мүшелерінің
морфоқұрылымында өзерістер бар екендігі жүргізілген зеттеулер барысында анықталды. Бақылауға
алынған тышқандарда өзгерістер анықталмады. Екінші топ жануарларының жартысынан астамы
гипокинезия күйін салыстырмалы қалыпты өткізді, ал қалғандары гипокинезиялық стресске түсіп,
қозғыштық жəне агрессиялық күй байқалды. Капиялляр қабырғасының жиі жіңішкеруі мен ісінуі
анықталды. Үшінші топ жануарларнының бауыр мүшелерін зерттеу барысында аралық құрылымы
сақталған, ярдосында ойығы бар
,
анық емес вакуольды циоплазы бар гепатоциттерде аз ғана
өзгерістер анықталды.
Жүргізілген зерттеулер кезіндетышқан гипокинезиясы клеткалық реакция жəне дистрофиялық
компенсаторлы – деструктивті өзгерістер болатындығы анықталды. Биологиялық белсенді қоспаның
қосылуы қан айналым бұзылуының, дистрофиялық үрдістердің төмендеуіне алып келді.
Жетекшісі: профессор Есимсиитова З.Б.