"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ТҰҚЫМ СЕБУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ РАПС ДАҚЫЛЫНЫҢ  ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ



Pdf көрінісі
бет76/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   372
Байланысты:
thesis114326

ТҰҚЫМ СЕБУ МЕРЗІМДЕРІНІҢ РАПС ДАҚЫЛЫНЫҢ  ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ 
 
Мухидинова Д. Р. 
Аймақтық Əлеуметтік-Инновациялық Университеті 
biologiya_dsh@.mail.ru
  
 
Соңғы кезде Қазақстанда майлы өсімдіктердің егіс көлемі 2-3 есе артқаны байқалды. Алайда, 
өндіріс  əлі  тұтыну  деңгейіне  дейін  көтеріле  алмағандықтан  Қытай,  Ресей,  Украина  жəне  басқа 
елдерден тасымалдау біздің елдегі сұраныстың 85%-дан астамын құрап отыр.  
Кез-келген  дақылдың  өнімділігін    көтеретін  негізгі  ықпалдардың  бірі-  себу  мерзімі.Тұқым 
себер алдында топырақ өңдеу  жұмыстары жүргізілді. Дəннің біркелкі жəне тығыз қабатқа орналасуы 
үшін тегістеу жəне малалау жұмыстарының орны ерекше. Себу мерзімі 4 нұсқада орындалды. Ерте 
топырақ қабаты 2-4
0
С, ертелеу 4-6
0
С,орташа 6-8
0
С жəне кештеу 8-10
0
С температура аралықтары.Рапс 
дақылы үшін ең қолайсыз себу кезеңдері 1 жəне 4 нұсқаларда болды.Себебі ерте сепкенде жылу ал 
кештеу себу мерзімінде  ылғал жеткіліксіз болып шықты. Жоғары өнімділік көрсеткіштерді   ертелеу 
сепкендегі нұсқа көрсетті ( 18,4 ц/га).  
Себу  мерзімдерінің    дақылдың    өнімділігінің  байланысын  өнім  құрайтын  элементтердің  
орташа    мəндерінен  көруге  болады.  3  нұсқадағы    1өсімдіктегі  бұршаққын  саны  23,2  дана  болып 
бақылаудан  0,8-1,0 дана артық шықты. Қалған нұсқаларда тиісінше:17,9;20,3 дананы құрады. 
Рапс  өсімдігінің  қалыңдығы  мен  бойының  биіктігінің  көрсеткіштері  талдау  нəтижесінен 
белгілі болғандай, жылдық орташа тұқым өнімінің ең төменгі өлшемдері 4 нұсқадан топырақ қабаты 
8-10
0
С  жылынған  мерзімде  жүргізілген  егістен  алынды  (12,2  ц/га  немесе  бақылаумен 
салыстырғанда  73,0%).  Жоғары  да  көрсетілген    аталған  құрылым  элементтердің  мəндері  
байланысты  ертелеу  мерзімде  (0-5  см  топырақ  қабаты  4-6  °С  жылынуы)  егілген  рапс  19,0  ц/га 
тұқым өнімін беріп, қомақты қосымша өнім мөлшерімен бақылаудан 15% басымдық көрсетті. 
Өсімдіктің    өніміне  əсер  ететін  факторлардың  бірі-  тұқым  себу  тереңдігі.  Тұқымдық  дəнді 
топыраққа  сіңіру  тереңдігі  дəннің    топыраққа    дұрыс  сіңуін  қамтамасыз  етеді  жəне    өсімдіктің 
түптеніп,  жақсы  өніуіне    айтарлықтай    маңызы  зор.  Тəжірибе  жұмыстарында  тұқым  себу 
тереңдіктері  1-2см,  3-4см,  5-6см  жəне  7-8см  аралықтарынд  жүргізілді.  Нəтижелер  көрсеткендей,  
рапстың тұқым себу тереңдігінің оның өнгіштігіне жəне өсімдіктердің  сақталуына əсері 2 нұсқада 
жоғары  (  3-4см).  Далалық  өнгіштігі  бойынша  81,2%,  өркен  саны  404,8%  ал      өсімдіктер  саны  46,0 
дана. 
Бақылау тобы бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше 73,8%, 369,7%,39,8: 


53 
 
Тəжірибе  жұмыстарындағы  нəтижелер  көрсеткендей  рапс  дақылының  оңтүстік  өңірде    себу 
мерзімдерінің  қолайлы  мерзімі  ертелеу  яғни  сəуірдің  алғашқы  онкүндігінде  жүргізу  тиімді  нəтиже  
береді. 
Ғылыми жетекшісі: а.-ш.ғ.к.Суримбаева  Күлайша 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет