Жерді қашықтықтан зондтау - жер бетін әр түрлі түсіруші құрал-жабдықтармен жабдықталған әуелік және ғарыштық құрылғылармен бақылау.
Қашықтықтан зондтау әдісін қолдану арқылы мәліметті келесі түсірім түрлері арқылы алуға болады:
Ғарыштық түсірілім (фотографиялық немесе оптико-электрондық): Панхроматикалық (қарапайым мысал, қара-ақ түсірім), түрлі-түсті, көпзоналы, радарлы.
Аэрофототүсірім (фотографиялы немесе оптикоэлектрондық): Қашықтықтан зондтаудың ғарыштық түсірілімегі түрлер, лидарлық (лазерлік).
Ғарыштық түсіру (Космическая съемка) - Жердің жасанды серіктерінде, ғарыштық стансаларда және кемелерде орнатылған суретке түсіру жүйелерінің көмегімен Жер туралы және Күн жүйесінің басқа планеталары, аспан денелері, тұмандылықтар, сондай-ақ әр түрлі ғарыштық құбылыстар туралы ақпарат алудың әдісі.
Ол жер бетінің бір телімін дүркін-дүркін және жер серігінің немесе ғарыштық стансаның бір рет ұшқан кезінде қайталап түсіруге, ал ғаламдық процестерді бірнеше геостационарлық серіктердің көмегімен үздіксіз байқауға мүмкіндік береді. Алғашқы Ғарыштық түсіру 1946 жылы зымыран арқылы жасалды, ал ғарыштық кемелерден 1961 жылы кеңес ғарышкері Г.С. Титов жасады. Жерді Ғарыштық түсіру арқылы зерделеу ғарыштық егіншіліктің дамуына көмектесті.
Жерді ғарыштан түсіру жасанды жер серіктері (спутниктер мен ғарышқа ұшырылған аппараттар) арқылы іске асырылады.
Компьютерлік ақпарат даму барысында геоақпараттық жүйе (ГАЖ) шаруашылықта, ғылыми зерттеулерде қолданылады. Қоршаған ортадағы апатты құбылыстарды зерттеуде, ауа райын, климатты болжауға қажет.
Қазақстан ғарышты игеруде кезекті рет жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында отандық «KazSTSat» микроспутнигінен алғашқы ғарыштық түсірілім алынды.
«KazSTSat» алғашқы түсірілімі.
Мұндай спутниктен түсірілген суреттер дамыған елдерде жоғары сұранысқа ие. Біздің елімізде де қазір кең қолданыста. Мәселен, ауыл шаруашылығына қатысты айтар болсақ, кең алқаптарды 10 тәулік немесе екі апта сайын мониторинг жасап, егіннің шығымын, қураған аумақтарын, зиянкестердің қозғалысын ғарыштан байқайтын боламыз.
Қазір ғарышта еліміздің алты спутнигі жүр. Олардың екеуі – жерді қашықтан зондтауға, екеуі – байланысты қамтамасыз етуге арналған.