Фармацевтикалық өндіріс орындарындағы еңбек қорғау ережелері мен негізгі қойылатын талаптар


Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау



бет3/4
Дата21.02.2023
өлшемі1,62 Mb.
#69815
1   2   3   4

Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша юристік және жеке тұлғаларды наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберу ережелері бекітіледі. Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі. 18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.

Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі.

Дайындалатын дәрілік форманың құрамына кіретін улы және наркотикалық дәрілік заттарды фармацевт ассистент бөлім меңгерушісінен, оның орынбасарынан немесе басқа арнайы жауапты қызметкерден алады.

Дәрілердің асептикалық жағдайда дайындалу ерекшеліктері

ҚР ДСМ нұсқауына сәйкес инъекцияға арналған ерітінділер, көз тамшылары мен майлары, жаңа туған балаларға арналған дәрілік формалар, сыртқа қолданылатын кейбір ерітінділер дәріханаларда асептикалық жағдайда дайындалады.

Асептикалық жағдайда жұмыс істеу кезінде тиым салынады:

  • асептикалық блокка стерильденбеген киіммен кіруге және стерильденген киіммен асептикалық блоктан шығуға;
  • стерильденген санитарлық киімнің астынан қызметкерлердің көшеде киетін киімдерін киюге;
  • қызметкерлерге косметикалық заттарды және аэрозольды дезодаранттарды қолдануға;
  • сағат және зергерлік бұйымдарды тағуға.

Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің сапасына бақылау жасауды фармацевт-аналитик жүргізеді және аналитикалық жұмыстардан басқа фармацевт-аналитикке келесі шараларды жүргізу жүктеледі:

  • дәрілік заттардың дайындалу технологиясына, сапасына, сақталу жағдайына, жарамды мерзімдеріне, санитарлық ережелерге қатысты барлық мәселелер бойынша дәріханада тексерулерді жүргізу;
  • дәрілік заттарды дайындау барысында орын алған қателіктерге талдау жүргізу; қателіктерді жіберуге себеп болған жағдайларды анықтау; жіберілген қателіктерді дәріхана басшысының назарына жеткізу және алға карай оларды болдырмау мақсатында ұсыныстар жасау;
  • дәрілік заттарды дайындау кезінде физикалық химиялық және фармакологиялық сыйысушылықтарды анықтау;
  • канағаттанарлықсыз сападағы дәрілік формалар дайындалған жағдайда, себептерін анықтап, оларды алға қарай болдырмау шараларын жүргізу;
  • дәріханада дәрілік заттардың сақталу жағдайларын, жарамды мерзімдерін, дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік формалардың дұрыс безендірілуін қадағалап бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет