Денсаулық сақтау жүйесінде жеке тауартану Медициналық және фармацевтикалық болып бөлінеді.
Медициналық тауартану-медициналық тауарлардың тұтынушылық қасиеттерін, яғни емдеу-диагностикалық процестегі (медициналық құралдар, аспаптар, аппараттар, жабдықтар) мақсатына сәйкес келетін медицинада қолданылатын белгілі бір өнімнің қасиеттерін зерттейді.
Фармацевтикалық тауартану. Бұл пән фармацевтикалық және парафармацевтикалық тауарлардың тұтыну құны мен тұтыну қасиеттерін, олардың сапасын қамтамасыз ететін факторды, тауартану әдістерін, сондай-ақ көрсетілген тауарларды жеткізушіден тұтынушыға жылжытуға байланысты тауарлық операцияларды зерттеумен айналысады.