Фармацевтикалық технология кафедрасы


Парафармация өнімдерінің жіктелуі



бет2/5
Дата15.12.2023
өлшемі114,5 Kb.
#138016
1   2   3   4   5
Парафармация өнімдерінің жіктелуі
1. Ана мен балаға арналған өнімдер. Бұл топқа мыналар кіреді: арнайы әйелдер іш киімі (жүктілік және тамақтандыру кезінде қолданылады); босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі белдіктер, таңғыштар; нәрестелерге арналған тамақтану, сәбилерге арналған гигиеналық өнімдер; сүтсорғылары; дымқыл майлықтар, жаялықтар; босанатын әйелдерге арналған гигиеналық өнімдер және т. б.
2. Таңуға және бекітуге арналған бұйымдар. Бұған мақта, дәке матасы; шприцтер, инелер; емдік шұлықтар мен колготкалар; олардың әр түрлі ені, ұзындығы мен түрлері, майлықтар, таңғыштар болады және т. б.
3. Пациенттерге күтім жасау кезінде қолданылатын бұйымдар. Бұл топқа мыналар жатады: қысым жарасына(пролежни) қарсы матрацтар; зәр және нәжіс қабылдағыштар, т. б.
4. Науқастың әл-ауқатының параметрлерін бақылайтын өнімдер. Бұл топқа мыналар кіреді: қысымды, импульсті, температураны анықтауға арналған медициналық мақсаттағы аппараттар (құрылғылар); жүктілікті ерте кезеңдерде анықтауға, есірткілік мас болуды және жұқпалы ауруларды (А/В/С гепатиттері, АИТВ және басқа да ЖЖБИ) анықтауға арналған тесттер және т. б.
5. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін қолданылатын өнімдер. Бұл танымал санатқа медициналық, фармацевтикалық, ағартушылық, спорттық басылымдар, журнал өнімдері, бейнефильмдер мен аудиокітаптар, тренажер және массаж жабдықтары кіреді.
6. Емдік және косметологиялық өнімдер-парфюмерлік және косметикалық өнімдер деп аталатын тұтыну өнімдерінің кіші тобы болып саналады.
7. Медициналық және дәріханалық мекемелерде тазалықты сақтауға, сондай-ақ жеке гигиенаны қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін санитарлық-гигиеналық бұйымдар.


V. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Сураққа жауып беріңіздер:
1. Парафармацевтикалық өнімге не жатады
2.Парафармацевтикалық өнімдердің жіктелуі
3.Топтар бойынша парафармацевтикалық Өнімнің сипаттамасы.
4.Парафармацевтикалық өнімдерді номенклатурасын атаңыз
5. ББЗ мен БАҚ арасындағы айырмашылық неде?
6. Дәріхана ассортименті тауарларының топтары бойынша өндіріс ерекшеліктері.
7. Косметикалық өнімдердің жіктелуі.
8. Оларға қойылатын талаптар.
9. Косметиканы қолданудағы асқынулар.
10. Ароматерапия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет