Басқа әдістер, тиімділік, шығарындылар. Графиктердің басқа түрлерінің ішінен қалдықтарды әртүрлі агрегаттар, пештер, ауысымдар, бригадалар, жыл мерзіміне, оң және теріс қалдықтар серияларына және с.с. топтастыруды белгілеуге болады.
Модельдерді ретімен жетілдіру барысында қарастыруға жаңа айнымалыны енгізу тиімді болуы мүмкін. Қарастырылатын модельге кірістірілмеген жаңа айнымалыдан дің тәуелділік графигі құрылады. Егер мұндай тәуелділік байқалатын болса, онда осы айнымалыны есепке алу ұшін сәйкес мүшелерді модельге енгізу мақсатқа сай.
Қалдықтарды зерттеуде шығарындылар қызықтыруы мүмкін – ол параметрлердің анықталған таралу заңынан едәуір ауытқулары. Деректердің үлкен ансамблі бойынша тұрақты орташа мәндерін алу көз қарасынан ені зонадан тыс шығарындыларды (мұнда: -орташа квадратты ауытқу), олар экспериментті қою және өткізу барысында жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады деген жорамалдар жасап, ескермеу ұсынылады.
Егер себептерді анықтау, құбылыстардың ішкі механизмін ашу есебі қоылса, онда шығарындыларды өте мұқият талдау керек.
Жоғарыда қалдықтарды зерттеудің тек негіздері ғана қарастырылған, бырақ, ол модельдерді мазмұндық талдау және оларды құрылымдық жетілдіру бағыттарын анықтау барысында осы әдістің маңыздылығын түсіну үшін жеткілікті.
Қазіргі кезде құрылымдық идентификаттаудың бір қатар әдістері қарқынды дамуда, оларды химия және басқа салаларда пайдалану мысалдары бар.
Бақылау сұрақтары
1 Құрылымдық статистикалық сәйкестендіру;
2 тығыз байланыстың статистикалық критерийлері;
3 модель координаттарының себеп-салдарлық қатынастарын бағдарлау критерийлері мен әдістері;
4 Модель құрылымын сәйкестендіру кезеңінде шешім қабылдаудың статистикалық рәсімін ұйымдастыру;
5 объектіні ортадан бөлудің мысалдары;
6 қателер мен қалдықтарды зерттеудің графикалық процедуралары;
7 модельдерді дәйекті жетілдірудегі тиімділік жаңа айнымалыны қарастыруға кіріспе.
Әдебиеттер
Негізгі әдебиет
Ахназарова С.Л., Кафаров В.В. Методы оптимизации эксперимента в химической технологии: Учебное пособие для вузов. - 2-е изд., перераб. и дополненное. -М.: Высшая школа, 2015. -327с.
Построение математических моделей химико-технологических процессов. Под ред. Дудникова Е.Г. - Л.: Химия, 1970. –312 с.
Практикум по автоматике и системам управления производственными процессами: учеб. пособие для вузов /под ред. И.М.Масленникова. -М.: Химия, 2016. -336с.
Қосымша әдебиет
Толчеев В.О., Ягодкина Т.В. Методы идентификации линейных одномерных динамических систем. -М.: Изд-во МЭИ, 2007