«Фармацевттікөндірістіңтехнологиясы» кафедрасы е 044/270-2021


Модельдеудің философиялық аспекттері



бет3/68
Дата27.11.2023
өлшемі2,69 Mb.
#129194
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Лекции МХТП қаз

Модельдеудің философиялық аспекттері
Қазіргі кезде модельдеу әдістері пайдаланылмайтын адам тіршілігінің саласын атауға болмайды. Әсіресе бұл алынған ақпараттың негізінде шешімдерді қабылдау үрдістері негізгі болып табылатын түрлі жүйелерді басқару саласына қатысты. Модельдеудің философиялық аспекттеріне, ал дәлірек айтқанда модельдеудің жалпы теориясына тоқтайық.
Модельдеудің методлогиялық негізі. Адам тіршілігі бағытталған барлық нәрсе объект деп аталады (лат. objection — предмет, зат, нәрсе). Методологияны құру біздің сана-сезімізден тыс бар болатын, өзара және қоршаған ортамен өзара әрекеттесетін объекттер туралы ақпаратты алу және өңдеуді реттеуге бағытталған.
Ғылыми зерттеулерде үлкен рольді гипотезалар, яғни, тәжірибелік деректерге, бақылауларға, болжамдарға негізделген белгілі бір жорамалдал атқарады. Ұсынылған гипотезаларды арнайы қойылған эксперимент барысында тез және толық тексеруге болады. Гипотезаларды тұжырымдау және дұрыстығын тексеру барысында пікір жасау әдісі ретінде аналогияның (ұқсастық, үйлестік) маңызы зор.
Аналогия деп екі объекттің кейбір жеке ұқсастығы туралы пікірді атайды, сонымен қатар ондай ұқсастық маңызды және маңызсыз болуы мүмкін. Ұқсастықтың (айырмашылықтың) маңыздылығы абстракциялау деңгейіне тәуелді және жалпы жағдайда жұргізілетін зертеудің соңғы мақсатына байланысты. Қазіргі заманғы ғылыми гипотеза әдетте тәжірибеде тексерілген ғылыми қағидалармен аналогия бойынша құрылады.
Нақтылы, оюъективті түрде бар болатын әлемді бейнелейтін гипотезалар мен аналогиялар көрнекілікке ие болуы немесе зерттеу үшін ыңғайлы логикалық схемаларға келтірілуі тиіс; ой-пікірлерді және логикалық құрылымдарды жеңілдететін немесе құбылыстардың табиғатын дәлдіктейтін эксперименттерді жүргізуге мүмкіндік беретін мұндай логикалық схемалар модельдер деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда, модель (лат. modulus — мера) — ол оригиналдың кейбір қасиеттерін зерттеуді қамтамасыз ететін объект-оригиналдың объект-орынбасары.
Модельдеудің анықтамасы. Объект-модель арқылы объект-оригиналдың маңызды қасиеттері туралы ақпарат алу мақсатында бір объектті екінші объектпен алмастыру модельдеу деп аталады. Сонымен, модельдеуді объекттің моделімен эксперименттерді жүргізу арқылы сол объект туралы ақпарат алу үшін объектті модель арқылы бейнелеу ретінде анықталуы мүмкін. Бір объекттерді (оригиналдарды) басқа объекттермен (модельдермен) алмастыру және объекттердің қасиеттерін модельдерде зерттеу теориясы модельдеу теориясы деп аталады [5, 36, 46].
Егер модельдеу нәтижелері дәлелденсе және зерттелетін объекттерде өтетін үрдістерді болжау үшін негіз ретінде қызмет атқара алатын болса онда модель объектке адекватты деп айтады. Бұл кезде модельдің адекваттылығы модельдеу мақсаттары мен қабылданған критерийлерге тәуелді.
Жалпыланған түрде модельдеуді зерттелетін объект-оригинал екінші объект-модельмен кейбір сәйкестікте болатын, сонымен қатар, тану үрдісінің кейбір кезеңдерінде модель оригиналды алмастыра алатын жағдайдағы тану әдісі ретінде анықтауға болады. Осындай алмастыру орын алатын тану кезеңдері, сонымен қатар модель мен оригиналдың сәйкестік формалары әртүрлі болуы мүмкін:
1) модельдеу тану үрдісі ретінде – оның ішінде орын алатын құбылыстар туралы сыртқы ортадан келіп түсетін ақпаратты өңдеуді қамтиды, оның нәтижесінде сана-сезімде объекттерге сәйкес бейнелер пайда болады; 2) оригинал-жүйемен (бірінші жүйе) белгілі бір ұқсастық қатынастарымен байланысқан кейбір модель-жүйені (екінші жүйені) құрудан тұратын модельдеу.
Философия көз қарасынан модельдеу — табиғатты танудың тиімді құралы. Модельдеу үрдісі зерттелетін объекттің; оның алдына нақты мәселе қойылған зерттеушінің; қойылған мәселені шешу үшін қажет болатын және объект туралы ақпаратты алу үшін құрылатын модельдің бар болуын болжайды. Сонымен қатар, зерттеуші модельге қатысты экспериментатші болып табылады, бырақ бұл жағдайда эксперимент нақтылы объектпен емес, ал оның моделімен жүргізіледі. Мұндай эксперимент инженер үшін ұйымдастыру-техникалық мәселелерді тікелей шешу аспабы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет