Фармация мектебі



бет5/6
Дата15.11.2022
өлшемі207 Kb.
#50301
1   2   3   4   5   6
Біліктілікті тағайындау
ҚАК отырыстарының хаттамалары әр білім алушыға арнайы жүргізілді. Хаттамалар ҚАК хатшысымен толтырылып, ҚАК – ның төрайымы және отырысқа қатысқан ҚАК мүшелері қолдарын қойды. ҚАК отырыстағы хаттамалар форматы А4, қағазда түптеліп, нөмерленген.
Біліктілікті тағайындау, диплом берілуі және емтиханның қорытынды бағалары туралы шешімді комиссия жабық отырыста, ашық түрде дауыс берумен қабылдады. Дауыстар саны тең болған жағдайда комиссия Төрайымының дауысы шешуші болып есептелді.
Қорытынды аттестацияны жақсы тапсырған және оқу бағдарламасының талаптарын толық дәлелдеген түлектерге, ҚАК шешімімен 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі берілді.
3 кестеде 2022 жылдың бітірушілерінің Қорытынды аттестациялаудың жалпы нәтижелері көрсетілген.
Кесте 3.1. 5В074800 - «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2022 жылғы бітіруші түлектерінің Қорытынды аттестациялаудың жалпы нәтижелері

ҚА жіберілген
дердің саны

ҚА келмегендердің саны

ҚА тапсырғандардың сан.

Солардың ішінде.

Қанаңаттанарлықсыз баға алғандар.

Орташа балдар

Үздік

Жақсы

Қанағат танарлық

546

-

546

104

280

137

25

2,67

Кесте 3.2. 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2022 жылғы бітіруші түлектерінің Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың жалпы нәтижелері





ҚА жіберілген
дердің саны

ҚА келмегендердің саны

ҚА тапсырғандардың саны

Солардың ішінде

Қанағаттанарлықсыз баға алғандар

Орташа балдар

Үздік

Жақсы

Қанағат танарлық

546

-

546

191

306

49

-

3,0

Абсолютті көрсеткіш - 100%


Сапа көрсеткіші – 91%
Орташа балл - 3,0.
4 кестеде 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының Қорытынды аттестациялау нәтижелерінің өткен жылмен салыстырмалы талдауы көрсетілген.


Кесте 4. 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттердің бітіруінің салыстырмалы талдауы



Көрсеткіштер

Алдыңғы кезең 2021ж.

Есепті кезең 2022ж.

% сапасы

78

70

% үлгерім

100

95

Орташа балл

2,33

2,67



5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша бакалавриаттың 2021-2022 оқу жылының түлектерінің Қорытынды аттестациялау нәтижелері көрсеткендей, студенттердің теориялық және практикалық дайындығы жоғарыда аталған мамандықтар бойынша жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарымен белгіленген талаптарға толық сәйкес келеді.
Бакалаврларды Қорытынды аттестациялау мамандық бойынша оқу жоспарында көрсетілгендей академиялық күнтізбеге сәйкес кешенді компьютерлік тестілеу (1 - кезең), дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау (2 - кезең) түрінде өткізілді. Емтихан тесттері білім беру бағдарламасын толық ашады. ҚА-ға қатысушы әр кафедраның ПОҚ бекітілген кесте бойынша студенттерге емтихан алдында консультация өткізді.
1) «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» 4 курс студенттерінің қорытынды аттестациялауын өткізу рәсімін ұйымдастыру жалпы қанағаттанарлық деңгейде бағаланады.
2) 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша студенттердің дайындық деңгейі жоғарғы оқу орындарының барлық талаптарына сай келеді. Білім беру бағдарламасын толық меңгерген.
3) 5В074800-«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша түлектерді Қорытынды аттестациялаудың дайындаудағы кейбір анықталған кемшіліктер мен ұсыныстарды атап өткен жөн:
Кейбір дипломдық жобаларды рәсімдеу барысында МЕМСТ-тан 7.32-2017 «Ақпарат, кітапхана және баспа стандарттары жүйесі. Ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп. Рәсімдеу құрылымы мен ережелері» біршама ауытқулар байқалды.
- Әдебиет тізіміндегі әдебиет көздері санының мәтін бойынша сілтемелермен сәйкессіздігі;
- Әр түрлі жоларалық интервалдарды пайдалану кездеседі, мәтіндердегі орфографиялық және стилистикалық қателер, қате жазулар,
- Қазақ тіліндегі жұмыстарда, кестелерде және мәтінде орыс тіліндегі фрагменттер, мәтіндік мазмұндамадағы, кесте мен диаграммадағы ақпараттың қайталануы, конгресс баяндамаларының тезистеріне сілтемелер келтірілген;
- Кестелер мен диаграммалар әр түрлі беттерде бір жұмыста, ғылыми-көпшілік сипаттағы электрондық дереккөздерге сілтемелер берілген;
- Өзекті емес әдебиет көздері немесе өткен ғасырдың 70-80 жылдарындағы әдебиет көздері қолданылады
4) GPP Тиісті дәріханалық практикасының құжаттамасын әзірлеу және енгізу бойынша теориялық бағыты бар жұмыстарда қосымшаларда өндірістік дәріхана шеңберінде аз сериялы өндіріске арналған жабдықтарды көрсету қажет (жұмыстарда өнеркәсіптік өндірістің аппаратуралық схемалары ұсынылған).
5) Дипломдық жұмыстарды қорғау жөніндегі талаптарда студенттің шет тілін меңгеру деңгейін растайтын IELTS/TOEFL сертификатының болуын көрсету ұсынылады;

Кейбір дипломдық жобалардағы бар және жоғарыда келтірілген кемшіліктер мен ұсыныстар кафедра басшылары мен дипломдық жобалардың жетекшілері тарапынан бақылаудың әлсірегенін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет