Фармакогнозия – ғылымы және оның негізгі даму сатылары



бет14/28
Дата08.12.2023
өлшемі450,68 Kb.
#135068
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28
Байланысты:
Жабайы түрде өсетін дәрілік өсімдіктер.

Қарасора. ??? Қарасора майы екпе қарасораның тұқымынан алынады. Мәдени түрге айналдырыған қарасораның тұқымында май 30-дан 35%-ке дейін болады, оның түсі ашық немесе сарғыш жасыл түсті болып, өзіне тән иісі мен дәмі болады. Қарасора майы тағам ретінде, сонымен қатар техникалық мақсатта олиф дайындауға және сабын өнеркәсібінде пайдаланылады.
Тунга ағашы. Бұл қаратеңіз жағалауы мен Колхид аймақтарында кездесетін субтропикалық өсімдік. Басқаша Қытай тунгасы немесе май ағашы және Жапон тунгасы дейді. Оның тұқымында 40-тан 43 %-ке дейін май болады. Бірақ оны тамаққа пайдаланбайды, үйткені ол улы. Техникалық мақсатта лактар мен олиф дайындауға және авиацияда, сонымен қатар су өткізбейтін маталар дайындауға пайдаланады. Тунга майынан шыныға жазу үшін сия алады.
Тез кебетін май раушангүлділердің өкілі - шәңгіш тұқымында да бар. Оның мөлшері 15-21 % болады. Крестгүлділердің өкілі – Лозелиев сарбасқурайдың тұқымында 25-28 % май болады.
Жартылай кебетін май беретін өсімдіктер. Бұл өсімдіктерге негізінен тамаққа пайдаланатын өсімдіктер жатады. Демек олардан алынатын майлар тамақ өндірісінде, консерв шаруашылығында, күнделікті тамаққа пайдваланылады. Оларға: күнбағыс, соя, күнжіт, қыша, рапс, арыш, жүгері, мақта т.б. жатады.
Күнбағыс – биіктігі 60-см-ден 4-м-ге дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік. Академик Северин мен атақты агроном Болатов 1779 жылы «Күнбағыс тұқымымнан май алу » деген мақаласын жазды. Содан бастап күнбағыстан алғаш рет май алған орыстың қарапайым шаруасы Д.И. Бокарев екені белгілі болды. 1841 жылы Бокаревтің бұл табысы елден-елге тез-ақ таралып кетті. Қазіргі кезде күнбағыс барлық аймақта өсіріліп келе жатқан аса маңызды күрделігүлділер тұқымдасына жататын майлы өсімдік. Оның жемісі-тұқымша, тұқымында май болады, оны сығып май алады. Тұқымының құрамында майдың мөлшері 25-тен 44 %-ке дейін болады. Ал майының құрамында 30-36 % ақуыз, 8-11 % май, 19-22 % көмірсу бар.
Соя. Құрамы ақуыз бен майға бай өсімдік. Оның тұқымында 33-42 % ақуыз, 15-26 % май т.б. болады. Сонымен қатар фосфор, калий, В1, В12, А, Д, Е витамині бар. Әлемдегі өсімдік майы өндірісінде мақта мен жер жаңғағынан кейін сапыс мен қолданылуы жағынан 3 орын алады. Соя майы тамақ өндірісінде, сабын шаруашылығында және типографияда баспаға қолданатын бояу алу үшін және т.б. мақсатта пайдаланылады. Одан басқа соя тамақ шаруашылығының басқа да салаларында пайдаланылады. Мысалы, кондитер, кофе, макарон т.б. Сонымен қатар соя құнды мал азықтық өсімдік. Майдан тазартылған сояның қалдығында (жмых) 45-50 % ақуыз болады. Сондықтан құнда мал азығы болып табылады.
Күнжіт. Күнжіт тұқымдасына жататын шөптектес өсімдік. Күнжіт ТМД елдерінде мәдени түрде өсіріледі. Ол жылу сүйгіш және жарық сүйгіш өсімдік. Күнжіт жоғары бағалы май алынатын өсімдік. Оның тұқымынан 37-58 %-ке дейін жоғары сапалы май алынады. Ауа райы суық болғанда тұқымында 35 % ғана май болады. Күнжіт консерв және кондитер өнеркәсібінде қолданылады. Одан халваның жоғары сортын жасайды.Сонымен қатар маргарин өнеркәсібінде және май жасауда кең түрде қолданылады.
Қыша. Оның бірнеше түрі кездеседі: ???, сарептік, ақ және қара, абисиндік. Біздің өңірде сарепьтік және ақ қыша өсіріледі. Тұқымында 20-30 % май болады. Қыша майы әлсіз кебеді. Ол тағам өнеркәсібінде жоғары сапалы өнімдер дайындауда қолданады. Ең бастысы нан пісіруге, кондитер және консерв өнеркәсібінде қолданады. Сондай-ақ фармацевтика, парфюмер өнеркәсібінде сабын жасауға қолданады. Тұқымында медицинада қолданатын 0,5-1,7 % эфир майы бар. Май алынғаннан кейін қышаның қалдығынан (жмых) асханалық қышаны дайындайды. Сонымен қатар тыңайтқыш ретінде де қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет