Фармакология негіздері



бет25/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Байланысты:
Фармакология негіздері-emirsaba.org

Вирусқа қарсы дәрілер:
Вирус латын тілінде у дегенді білдіреді.
1.Тұмауды алдын алу үшін қолданылатын дәрілер: Ремантадин, Оксолин, Арбидол, лейкоцитарлы интерферон
2.Ұшықты зақыдануда қолданылатын дәрілер: Ацикловир (Зовиракс, Виролекс). Әсері: Вирустың нуклеин қышқылдарының синтезін бұзады.
3.Цитомегаловирусты инфекцияда қолданылатын дәрілер: Ганцикловир. Әсері:ДНҚ вирусының синтезін бұзады.
4.Иммунотапшылық вирусына әсер ететін дәрілер: Зидовудин. Препараттар ауру белгілері байқалғанға дейін тиімді. Әсері:АИТВ протеиназа ферментін және қайтымды транскриптазаны тежейді.
5. Шешек (оспа) вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: метисазон.
6. Гепатит вирусына белсенділік көрсететін дәрілер: Интерферон-альфа, Реаферон.
Вирусты жұқпада қолданылатын жиынтық: тамифлю- 75мг капсула, аспирин-500мг, оксалин жағылмасы 0,25%, градусник, бетперде- маска одноразовая.

Мерезге қарсы (сифилиске- спирохетозға қарсы) дәрілер
Мерезді емдеудің негізгі препараттары қысқа және ұзақ әсерлі пенициллиндер, мерездің барлық кезеңдеріне әсер етіп, спирохеттерге тұрақтылық пайда болмайды. Мерезді емдеуде қосымша Цефалоспориндердің I және III буыны, макролидтер, тетрациклиндер қолданылады. Бірақ олардың тиімділігі төмен.
Висмут препараттары: Бийохинол, Бисмоверол.
Әсері: бактериостатикалық, микроорганизм ферменттерінің сульфгидрильді тобын тежейді.


Қарапайымдыларға қарсы дәрілер:
1.Трихомонадозды емдеуге арналған дәрілер: Метронидазол (Трихапол, метрогил), Тинидазол (Фазижин).
2. Лямблиозды емдеуге арналған дәрілер: Метронидазол, Тинидазол, Фуразолидон, Аминохинол, Акрихин.
3.Амебиозды емдеуге арналған дәрілер: Метронидазол, Тинидазол, Энтеросептол, Эметин.
4. Безгекке(малярия) қарсы дәрілер: Хингамин (Делагил), хинин, бигумаль, хлоридин.
5.Токсоплазмозда қолданылады: Хлоридин, хингамин, аминохинол, сульфаниламидтер, макролидтер, тетрациклиндер.
6.Лейшманиозда қолданылады: Мономицин, Метронидазол, Акрихин, Солюсурьмин


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет