Фармакология негіздері


Микробқа қарсы қолданатын заттар



бет16/78
Дата24.09.2023
өлшемі423,99 Kb.
#110091
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
Фармакология негіздері-emirsaba.org

Микробқа қарсы қолданатын заттар
1. Антисептикалық және дезинфекциялық заттар.
  1. Химиотерпевтикалық заттар - адам ағзасындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарына кері әсер ететін дәрілер.


Микробқа қарсы заттардың әсері:





  1. Бактериоцидті әсер (cido- - өлтіру) - микробтарды өлтіретін әсер.


  2. Бактериостатикалық әсер (stasis - тоқтату) - микробтардың өсуін тоқтататын әсер.


  3. Кератолитикалық (грекшеден keratos- сүйел, мүйіз) әсер- сүйелденген өсінділерді жібітіп, жоятын дәрі әсері.


  4. Фунгицидті әсер- паразит саңырауқұлақтарға қарсы әсер.


Денатурация- ақуыздардың табиғи қасиеттен жартылай немесе толық айырылуы.
Микробқа қарсы дәрілердің әсер ету спектрі (микробтарды қамтуы) - кең немесе тар деп белгіленеді. Егер дәрінің әсер ету спектрі кең болса, онда ол дәрілік зат көптеген микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Егер дәрінің әсер ету спектрі тар болса, онда ол дәрілік зат жекелеген микроорганизмдерге ғана қарсы әсер етеді.


Антисептикалық_және_дезинфициялық_заттар_._Асептика'>Антисептикалық және дезинфициялық заттар.
Асептика (a- жоқ, septicas- шіру, ірің) – жарада, денеде микробтардың пайда болуының алдын алу шарасы. Асептикалық жағдай операциия жасайтын бөлмелерде, дәрі дайындайтын бөлмелерде жасалады.
Антисептика (anti- қарсы, septicas- шіру, ірің) – жарадағы, денедегі пайда болған микробтардың өсуін тоқтату және жою шарасы.
Дезинфекция - (des-керісінше, inficere- жұқпалану)- қоршаған ортадағы (бөлме, киімдер, науқас күтімінде қолданылатын заттар, аспаптар) өсіп келе жатқан (вегетирующие) микроорганизмдер мен паразиттерді жою шарасы.
Антисептикалық және дезинфекциялық заттар


Топтары

Әсері

Заттар

1

Галогендер

Құрамындағы белсенді хлор немесе йод микроб жасушасын денатурациялап, жояды.


Хлор ұнтағы, Хлорамин Б, Хлогексидин 0,02%, Де-хлор табл, Сульфохлорантин, Йодтың спиртті ерітіндісі 2-5%, Йодинол, Люголь ерітіндісі, Бетадин, Повидон-йод, Дезэффект сұйық, Хлорэффект таблетка


2

Фенол туындылары

микроорганизмдердің ферментативті белсенділігін бөгеп, ақуызды денатурациялайды


Фенол 3%, 5%; Қайыңның қара майы (Деготь), Ихтиол, Резорцин 2%, 5%


3

Альдегидтер және спирттер

микроб жасушасы протоплазмасын сусыздандырып, микроб ақуызын коагуляциялап (ұйытып) жояды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет