Zinci sulfas –мырыш сульфаты (Б): 0,25-0,5% еріт. бор қышқылымен коньюнктивитте көз тамшысы түрінде; 0,1-0,5% еріт. – дымқылдау үшін қолданылады.
Zinci oxydum-мырыш тотығы: сеппе, жағылма, пасталар құрамына кіріп (бырыстырғыш, кептіргіш, антисептикалық)-дерматитте, жараларда және дене күлдіреуінде қолданылады.
Cupri sulfas-мыс сульфаты (Б): 0.25% ерітіндісін-коньюнктивитте, уретрит пен вагинитте жуу үшін қолданылады.
Висмуттың органикалық қосылыстары: ксероформ мен дерматол-бырыстырғыш антисептикалық кептіргіш әсер етіп, экзема мен дерматитте сеппе және жағылма түрінде қолданылады.
4.Альдегидтер мен спирттер (алифатты қатардың қосылыстары) микроб жасушасының протоплазмасын сусыздандырып, ақуызды коагуляциялап (ұйытып), микроорганизмдерді жояды.
Spiritus aethylicus-этил спирті (Б): 95% спирт хирургиялық инструменттерді дезинфекциялау үшін, 70% спирт операциялық алаңды және хирургтардың қолын жуу үшін, 40% спирт компресс жасау үшін тағайындалады.
Solutio Formaldehydi- формальдегид ерітіндісі(официнальды 7% Ерітіндісі формалин деп аталады): -күшті антисептикалық,илеуіш және иіссіздендіретін әсері бар.0,5% ерітіндісі қурал жабдықтарды (металдық) зарарсыздандыру үшін 0,5% - 1 % ерітіндісі аяқ тершеңдігінде аяқ терісін жуу үшін қолданылады.Формальдегид ерітіндісі вакциналар,сарысулар мен анатомиялық препараттарды консервілеу үшін қолданылады.
Гексаметилентетрамин (уротрапин)-бактериостатикалық әсері ұлпалардың қабынуы кезінде қышқыл ортада формальдегидтің түзілуінен ыдырауымен байланысты Ішке және к/т( 40% еріт.)несеп шығару жолдарының жұқпалы ауруларында (қолданылуы шектеулі) қолданылады.
5. Фенол және оның туындылары.Әсер ету механизмі жағынан дегидрогеназалардың ферментативті белсенділігін бөгеп ақуыз денатурациясын тудырады.
Phenoium purum-таза фенол (карбол қышқылы): 3-5 % еріт.зарарсыздандыру үшін, сонымен қатар металл құралдарын өңдеу үшін (бактериялардың вегатативті түріне әсер етіп, спораларға әсер етпейді), 3% глицеринді ерітіндісі, құлақ тамшысы жылы күйінде қолданылады. Фенолдың күшті тітіркендіргіш және күйдіргіш әсерінен тері мен шырышты қабықшаға тез сіңіп, улы (бас айналу, тыныс алудың бұзылуы, әлсіздік, тырысу, коллапс) әсер көрсетеді.