Фармакология



бет16/200
Дата27.03.2023
өлшемі1,76 Mb.
#76471
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   200
Байланысты:
Фармакология

Рецепт үлгісі
100,0 натрий пара – аминосалицилаты (Natrii para-aminosalicylas) грануласына жазыңыз. 1 шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң ішуге.
Rp.: Granulorum Natrii para-aminosalicylatis 100,0
D.S. 1 шай қасықтан күніне 3 рет тамақтан 1 сағаттан соң


Капсулалар – Capsulae
(Капсулалар –Nom.sing.Capsula, Gen.sing.Capsulis)
Капсулалар ішуге арналған мөлшерленген ұнтақ, паста тәрізді, түйіршіктелген немесе сұйық дәрілік түрлерден тұратын қабықша. Капсула түрінде жағымсыз дәмі мен иісі бар немесе тітіркендіргіш әсері бар дәрілік препараттарды шығарады. Капсулалардың желатинді немесе полимерден жасалынған түрлері бар.
Желатинді капсулалар – Capsulae gelatinosae түрлері: а) жұмсақ немесе эластикалық – Capsulae gelatinosae molles s.elasticae; б) қатты –Capsulae gelatinosae durae; в) қалпақшасымен – Capsulae gelatinosae operculatae. Жұмсақ және қатты желатинді капсулалар құрамында 0,1-0,5 дәрілік заты бар шар, тұқым немесе пішіні сопақша тәріздес болып келеді. Асқазан сөлінің әсеріне тұрақты және ішекте еритін желатинді капсулаларды алу үшін формальдегид ерітіндісінің немесе оның спирттегі ерітіндісінің буымен өңдеу жолымен алады. Мұндай капсулаларды глютоидты (Capsulae glutoidales) деп атайды. Капсуладағы дәрілік заттарға рецепті жазғанда міндетті түрде «Желатинді капсулада (in capsules gelatinosis) босатыңыз» деп көрсетілуі қажет.
Рецепт үлгісі
1. Жай құрамды капсуланың жазылымы:
Құрамында 0,3 рифампицин (Rifampicinum) бар, 20 ұнтағын желатинді капсулада босатыңыз. Тамақтан 30 мин. Бұрын 1 капсуладан тәулігіне 2 рет белгілеңіз.
Rp.: Rifampicini 0,3
D.t.d. N.20 in capsules gelatinosis
S.Тамақтан 30 мин.бұрын 1 капсуладан күніне 2 рет
2. Күрделі құрамды официнальды капсуланың жазылымы:
«Аевиттің» (“Aevitum”) 25 капсуласына жазыңыз. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Rp.: Capsulas “Aevitum” N.25
D.S. 1 капсуладан тәулігіне 3 рет белгілеңіз.
Қазірде фармацевтикалық өндірістерде дәрілік затты микрокапсула түрінде шығарылады. Микрокапсулалар жұқа қабықшалы пленка тәрізді материалмен (желатин, майлы заттар, полимерлер) қапталған қатты, сұйық немесе газ тәрізді дәрілік заттар. Микрокапсула түрінде шығарылатын препараттар әртүрлі мақсатта (мысалы, тұрақсыз дәрілік заттарды ішкі факторлардың әсерінен сақтау үшін, жергілікті тітіркендіргіш әсерін басу үшін, дәрілердің әсерін ұзарту үшін және т.б.) белгіленеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет