в) Басқа да β- лактамды антибиотиктер 1. Карбапенемдер (І буыны: имипенем, "тиенам", "примаксин", ІІ буыны: меропенем). Әсер ету спектрі кең : грамм(+) жіне (-) аэробты және анаэробты бактерияларға , сонымен қатар көкіріңді таяқшаға әсер етеді. Қолдану көрсеткіштері: қоздырғышы анықталмаған көбінесе аралас, әр түрлә ауыр инфекциялар, аралас инфекциялар, - лактамазаға тұрақты басқа антибиотиктердің әсері болмаған жағдайда қолданылатын резервтегі антибиотиктерге жатады. Жанама әсері: аллергия , дисбактериоз, суперинфекция, (кандидоз) , енгізілген жерде тітіркендіргіш әсері, қан құрамының өзгеруі. Қарсы көрсеткіштері :пеницилиндерге аллергиясы болган р
"Tienam"-"тиенам": 0,25 және 0,5 құрғақ зат флаконда шығарылып, арнайы еріткіште ерітіп, тәулігіне 2-4 рет к/т және б/е енгізіледі. Имипенемді бұзатын бүйрек дигитропептидаза ферментінің ингибиотры болып табылатын имипенем және циластатиннің ұиыстырылған препараты.
Меропенем (меронем)- дигидропептидазаға анағұрлым тұрақты.
2.Монобактамдар (Азтреонам (Азактам)). Әсер ету механизмі: микроағзалардың жасуша мембранасының биосинтезін тежиді, В лактамазаларға тұрақтылығы жоғары. Әсер ету спектрі: грамм(-) аэробтар( сальмонелла, шигелла, протей, ішек таяқшалары ,клебсиелла, серрация, гонококктар ,менингококктар, көкіріңді таяқшалар). Пенициллиназа әсерінен жойылмайды. Қолдану көрсеткіштері : аурухана ішілік ауыр инфекцияда: несеп шығару жолдарының ауыр инфекциялары , перотонит, сепсис, бронх- өкпе инфекциялары , жұмсақ ұлпа инфекциялары, операциядан кейінгі қиындықтар, кейде менингикте қолданылады. Жанама әсері: улылығы төмен; аллергия, суперинфекция, флебит, жүрек айну, диарея, қан ұюының бұзылуы және гипотоксикалық әсер көрсету мүмкін.
Aztreonam - азтреонам ( азактам) - 0,5 және 1,0 құрғақ зат флаконда шығарылып , тәулігіне 2-4 рет б/е және к/т енгізіледі.
2. Макролидтер Әсер ету механизмі: рибосомдық деңгейіндегі ақуыздың жасуша ішілік синтезін бұзып, бактеростатикалық әсер етеді. Микробқа қарсы әсер ету спектіріне байланысты микролидтер 3 буынға бөлінеді: