Орбұлақ шайқасын ұйымдастырушы Жәңгір ханға тек Жалаңтөс батыр ғана емес қазақтың ержүрек, дарабоз батыр, жыраулары да түйіле қатынасты. Атап айтар болсақ, арғын Ағынтай, Қомпай, найман Көксерек, Бөдес, шапырашты Қарасай, тана Жиембетжырау, қаңлы Сарбұқа, суан Елтінді, дулат Жақсығұл, қырғыз Көтен мен Табай, т.б. батырлардың үлесі шайқастың жеңіске жетуіне де өз септігін тигізді.

Орбұлақ шайқасының маңызы – қазақтарды жоңғарлардың ғана емес бүкіл әлемнің мойындауын туғызған шайқас болды. Сонымен қатар, қазақ даласындағы шайқастарды ұзақ жылдарға толастатып, жоңғарларды қайта қазақ сахарасына басып кіруіне жүректерін шайлықтырардай әсер де қалдырды. Қазақ даласы сәл де болса жау езгісі мен зәбірінен құтылып, жаймашуақ тіршілігін жасай білді.
Тәуке-ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке-ханның тұсында қазақ мемлекеттілігін күшейту бағытында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды.

Жеті жарғы
1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке-хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды.