Ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу себептері



Дата16.10.2023
өлшемі14,66 Kb.
#116193
Байланысты:
16 ғасыр Қазақ хандығы


XVI ғасырдың орта тұсына қарай Қазақ хандығының уақытша әлсіреу себептері:
Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабында: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады. Ол Қасым хан өлгеннен кейін бірден байқалды. XVI ғасырдың ортасында Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және ойрат хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. Таһир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқтаған жоқ. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет