Фауна Ғаламшардағы жануарлар түрі 1,5 миллион
бет 1/3 Дата 07.01.2022 өлшемі 42,62 Kb. #18799
Байланысты:
7-сынып жануар Фауна
Белгілі бір территорияда мекендейтін жануарлар дүниесіт Фауна
Ғаламшардағы жануарлар түрі 1,5 миллион
Барлық жануарларды белгілі тәртіпке келтіріп , реттеу жүйелеу
Жануарларды ерекшеліктеріне сәйкес топтастыру жіктеу
Жануарларды жіктеудегі ең жоғарғы деңгей жануарлар дүниесі
Жануарларды жіктеудегі ең төменгі деңгей түр
Жануарларды тіршілік ететін ортасына байланысты жіктеген ғалым Гиппократ
Жануарларды жүйелеп, ағзаларды қосарынан (бинарлы) атауды ұсынған ғалым К.Линней
Жануарлардың жіктелуі: түр→туыс→тұқымдас→отряд→класс→тип→жануарлар дүниесі
Денесінің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқаратын жануарлар денесі екі жақты симметриялы
Денесінің дәл ортасынан әр тармағына ойша сызық жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлініп, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқаратын жануар денесі сәулелі симметриялы
Қарапайымдардың жер бетіндегі түр саны 70 мың
Саркодиналар немесе плазмалылыар класына жататын жәндіктер амебалар
Саркодиналардың пішіні тұрақсыз
Бақалшақты амеба Арцелла
Дене пішіні тұрақты саркодиналар сәулелі күнқұлақ,өрмекаяқ, күншар, қошқармүйіз көпірме, шұрықденелі бунақай
Паразитті саркодиналар қантышқақ амебасы
Саркодиналардың жалған аяқтарының қызметі қозғалу, қорегін аулау
Қарапайымдылардың жасуша жарғақшасы саркодиналарды-плазма, талшықтылар мен кірпікшелілерді пилликула қаптайды
Қарапайымдардың тыныс алуы суда еріген оттегін денесінің кез-келген жерімен сіңіреді
Қарапайымдылардың қоректенуі бактерия, балдырлармен қоректеніп, ас қорыту вакуолімен асты қорытады
Қарапайымдардың көбеюі жыныссыз ядросының бөлінуі, жынысты көбейеді
Қарапайымдылардың қолайсыз жағдайдан қорғануы циста түзеді
Талшықты қарапайымдылар эвглена, вальвокс, бодо, лейшмания, лямблия, трипаносома
Өсімдікке де, жануарға да тән қасиеті бар жәндік жасыл эвглена
Жасушасында фотосинтез процесі жүретін хлоропласт, жарық қабылдайтын көзшесі бар, талшықты жәндік жасыл эвглена
Амебалардың ірі түрі Амеба протей
Қос ядролы кірпікшелі жәндік кірпікшелі кебісше
Бір кебісшеде болатын кірпікшелер саны 10-15 мың
Кірпікшелілер класының өкілдері кіреукелі кірпікше, мөрже, валантидий, опалина, сувойка,
Қарапайымдардың зәр шығаруы жиырылғыш вакуольдер арқылы
Соркодиналардың әкті қаңқаларының маңызы тау жыныстарын түзеді, геологиялық қабаттардың жасын анықтау үшiн, мұнай және пайдалы қазбалар iздестiруде қолданады.
Дене тұрқы 2-4 мкм. тері ауруын тудыратын қарапайым жәндік лейшмания
Лейшманияны таратушы құмыты
Дене тұрқы 1 мм.бақаның ішегінде болатын қарапайымды опалина
Үндістан мен Бангладеште кала-азар ауруын тудыратын қарапайымды лейшмания
Кала-азар ауруының белгісі бүйрекүсті безінің қыртысы зақымданады, тері қараяды, қызуы көтеріледі, лимфа ісінеді
Трипанасома тұрқы 15-30 мк.қан плазмасында паразитті өмір сүреді
Трипанасома тудыратын ауру жылқыда-қараталақ, түйеде-суауру(сурра), сиырда ұйқы (Африкада сиырда - нагана)
Трипанасоманы таратушы цеце, сона шыбыны
Тұрқы 15 мк.екі ядролы, талшықты, аш ішекте болатын паразитті қарапайымды лямблия
Лямблия тудыратын ауру лямблиоз
Суды тазартатын қарапайымды жасыл эвглена, бодо
Вольвокстың бір түрінің шоғырындағы жасуша саны 500-1000
Вольвокс пішіні шар пішінді
Вольвокстың жеке жасушалар сыртқы тері қабаты мен орталық сұйық бөліктерінің арасының байланысуы цитоплазмалық көпіршелер арқылы байланысады.
Кірпікшелі кебісшедегі қылаулатқыштың қызметі қортылмаған асты сыртқа шығару
Ұзыннан тік бөлінудің нәтижесінде пайда болады жасыл эвглена
Кірпікшелі кебісше жынысты көбейіп, ұрпақ қалдыруына әсер етеді кіші ядро арқылы
Кірпікшелі кебісшенің жынысты көбеюі ауыз саңылауы арқылы түйісіп, кіші ядро екіге бөлініп,үлкен ядро жойылып, кіші ядролар алмасқан соң, жаңа үлкен ядро түзілу арқылы
Үлкен ядроның қызметі қоректену, тынысалу, қозғалу, зат алмасу
Тек паразитті тіршілік ететін, жиырылғыш, ас қорыту вакуольдері жоқ, тығыз қорғаныш қабықшасы бар қарапайымдылар класы Споралылар
Споралы қарапайымдылар құртамыш, безгек паразиті (қантұрғы)
Адам,сүтқоректілердің ішек, бауыр, бүйрегінде өмір сүретін споралы жәндік құртамыш
Құртамыш тудыратын ауру кокцидоз
Қантұрғы тудыратын ауру безгек ауруы
Қантұрғының тіршілік орны қанның қызыл түйіршігінде, эритроцитте
Безгек ауруының белгілері 40 0 С температура көтеріліп, жиі қалтырайды
Қантұрғыны таратушы маса
Денесінен жарық бөліп, түнге қарай теңізді нұрға бөлейтін қарапайымды түншырақ
Безгек паразитін тапқан 1880 жылы француз дәрігері Лаверан
1960 жылы жасалған безгек ауруын емдейтін дәрілер хинин, акрихин
Безгек тарататын масаларды жою жолдары ДД, гексахлоран химикаттарын шашу, маса дернәсілімен қоректенетін гамбузия балығын көбейтіп өсіру
Лямблияны алғаш бауырдың өт өзегінен тапқан дәрігер Д.Ф. Лямбль
Қантышқақ тудыратын амебаны ашты 1875 ж. Ф.А.леш
1895 жылы безгек таратушы анофелес туыстас маса екенін тапқан Италия дәрігері Дж. Грасси
Шығыс Үндістан мен Бангладешке лейшманиядан індет болып тиген, бүйрек үсті безінің сыртын зақымдайтын ауру кала-азар
Теңізде тіршілік ететін, түнде жарық бөліп тұратын, талшықты жәндік түншырақ
Тұщы лас суда өмір сүреді бодо
Ішекқуыстылардың ғаламшардағы саны 9000, суда мекендейтін жәндіктер
Типтің ішекқуысты деп аталуы екі қабаттан тұрып, денесінде бір ғана қуыс болады , сыртқы қабаты-эктодерма, ішкі қабаты-энтодерма
Ішекқуыстылартипіне жататын кластар 3 гидратектестер (гидроидтар), табақшатәрізділер (сцифиоидтар), көпаяқты маржандар (полиптер)
Гидраның эктодерма қабатында (сыртқы) тері-бұлшықет, атпа, жүйке, аралық, жыныс жасушалары болады
Гидраның энтодерма қабатында (ішкі) асқорыту, безді жасушалары болады
Гидра денесі қармалауыштардан, денеден, табанан тұрады. Табанмен судағы өсімдіктерге бекінеді, сәулелі симметриялы
Гидраның қозғалуы бірде табанымен, бірде қармалауышымен кезек бекініп адымдап, жабын-бұлшықет арқылы қозғалады
Гидра денесінің жабынынан сәл қылтиып шығып тұратын, қапшығы, оның ішінде улы сұйығы бар, сезімтал талшық атпа
Гидраның атпа жасушаларының ең көп орналасқан орны қармалауыштарда
Гидраның қармалауыштар саны 5-8
Атпа жасушалардың қызметі жауынан қорғану, қорегін аулау
Гидра қорегі шабақ, ұсақ шаяндар, бунақдене дернәсілдерін қармалауышымен аузына салады
Гидраның ас қорытуы асқорыту безінен бөлінген сөл көмегімен, қортылмаған ас ауыз арқылы шығарылады
Гидраның жүйке жүйесі денесінде шашыраңқы тор түзе орналасқан
Зақымданған мүшенің, ұлпаның қайта қалпына келуі регенерация
Гидра денесі зақымданғанда аралық жасушалардың өсуі күшейе түседі
Гидраның ауызға тақау жердегі өсіндіде орналасқан аталық жасуша сперматозоидтар
Аналық жұмыртқа жасуша орналасқан Табанына таман
Бүршіктену арқылы көбею жүзеге асады жазда
Жынысты жолмен көбейеді күзде
Ішекқуыстылардың дернәсілдері планула
Еркін тіршілік ететін ішекқуыстылар сифоидтар
Жапон теңізінде тіршілік ететін адам денесін күйікке шалдықтыратын медуза шаршылы медуза
Медуза денесінде жоқ мүше табан
Полиптер шоғыр құрмай жеке өмір сүретін полипті жәндік актиния
Теңіз гүлі деп аталады актиния
Шоғырланып отырықшылықпен өмір сүреді обелия
Дара жынысты ішекқуысты құлақты медуза
Құлақты медузаның ауыз құрылысы төрт бұрышты, әр бұрышында бір-бірден төрт қалақшасы бар
Маржандардың әкті қаңқаларының су бетіне шығуы риф
Риф түрлері шеңберлі, жағалық, тосқауыл
Шеңберлі рифті атайды атол
Моншақ алынады қызыл маржаннан
Денесі созылыңқы, аяқтары болмайтын, екі жақты симметриялы жәндіктер құрттар
Қарны арқасына жабысып жалпайған, еркін тіршілік ететін құрттар типі Жалпақ құрттар
Жалпақ құрттардың түр саны 15000 жуық
Құрттардың дене қабаты 3 сырты-эктодерма, ортасы- мезодерма, іші-энтодерма
Мезодермадан түзілген мүшелерді қоршап жататын дәнекер ұлпа паренхима
Кірпікшелі құрттар класына жататын жалпақ құрттар ақ сұлама
Кірпікшелі құрттардың түр саны 3000
Ақ сұлама кірпікшелерінің қызметі қозғалысқа келтіру
Сұламаның сипап сезу мүшесі құлақ тәрізді өскіні
Жарық сезу мүшесі көздері
Тыныс алуы бүкіл денесімен
Қан айналымы дамымаған
Зәр шығаруы жұлдызша тәрізді имекшелі өзекше
Жүйке түйіндері орналасқан екі бағанада денесін бойлай созылыңқы
Ақ сұлама аузы орналасқан денесінің ортасында, құрсақ бөлімінде
Жемін аулайды жұтқыншағын айналдырып, ауыздан шығарып
Асқорыту жүйесі ауыз→жұтқыншақ→ішек
Қорытылмаған ас шығарылады ауыз арқылы
Ақ сұламаның жынысы гермафродит (қосжынысты)
Ақ сұламаның аналық безі орналасқан алдыңғы жағында екі денешік ретінде
Аталықбез орналасқан бүкіл денеге көпіршік тәрізді таралған
Ақ сұлама көбейеді піллә түзеді
Сорғыш құрттар паразитті
Сорғыш құрттарды атайды трематодтар
Сорғыш құрттардың түр саны 5000
Мал бауырында өмір сүретін құрт бауырсорғыш
Бауырсорғыштың иесіне бекінетін мүшесі Құрсақ сорғышы
Бауырсорғыштың алдыңғы сорғышы ауыз
Бауырсорғыштың сыртын қаптайды кутикула немесе сірқабық
Бауырсорғыш қорегі қан, бауыр жасушасы
Бауырсорғыш тың асқорыту жүйесі сорғыш аузы, жұтқыншақ, ішек
Бауырсорғыш жынысы гермафродит
Жұмыртқалауы ұрықтанған жұмыртқа қанмен ішекке, нәжіс арқылы сыртқа түседі
Бауырсорғыш жұмыртқалары дамиды суда
Бауырсорғыш жұмыртқаның суда даму сатысы кірпікшелі дернәсіл→тоспа ұлу денесінде даму→құйрықты дернәсіл→циста
Бауырсорғыштың негізгі иесі сиыр, қой
Бауырсорғыштың аралық иесі тоспа ұлу
Бауырсорғыш тудыратын ауру бауыршірік
Мысықсорғыштың негізгі иесі адам, ит, мысық
Мысықсорғыштың аралық иесі екеу 1-былқылдақденелілер, 2-тұқы тұқымдас балық
Мысықсорғыш тудыратын ауру описторхоз
Құстар мен сүтқоректілердің қанында өмір сүреді қаншыл сорғыш немесе айыр дене
Айырдене, қаншылсорғыш жынысы даражынысты
Айырдене, қаншылсорғыш тудыратын ауру шистозоматоз
Таспа құрттар класының саны 3000
Таспа құрт деп аталуы денесі ұзын, таспа пішінді
Таспа құрт өкілдері сиыр цепені, шошқа цепені
Таспа құрт денесінің мөлшері 10 метр
Сиыр цепеніні тұрады басы, қысқа мойыны, 1000-нан аса бунағы бар
Сиыр цепенінінің сорғыш саны 4
Таспа құрттарда болмайтын жүйе асқорыту, тынысалу, қанайналымы жоқ
Сиыр цепенінінің жынысы қосжынысты, гермафродит
Жыныс мүшелері орналасады 200 бунақта
Пісіп жетілген жұмыртқа сыртқа шығады соңғы бунаққа келіп, үзіліп,нәжіс арқылы
Сиыр цепенінің негізгі иесі адам
Сиыр цепенінің аралық иесі сиыр
Сиыр цепенінің дернәсілі финка
Сиыр цепені тудыратын ауру финноз, цистицеркоз
Финноздың жұғуы шала пісірілген ет арқылы
Сиыр қарнының қабырғасын тесіп, қанға өттетін дернәсіл қармақшалы дернәсіл
финноз, цистицеркоздан сақтану 21 күн етті тоңазытқышта ұстау, етті толық пісіру
Жұмыр құрттардың түр саны 20 000
Жұмыр құрттар класының өкілдері ішексорғы, үшкірқұрт
Тері-бұлшықет астында болатын қуыс ілкі қуыс
Жұмыр құрттардың дене қабаты 3 қабаттан тұрады
Бірінші қабаты–сірқабық, екінші қабат – гиподерма, үшінші қабат – бірыңғай салалы бұлшықет
Ішексорғы тіршілік етеді адам мен сүтқоректілердің ашішегінде
Ішексорғы пішіні 20 см
Ішексорғының ауызында 3 ерін бар
Ішексорғы соңғы бөлігі аналь, құйрық
Ішексорғының асқортыту мүшесі ауыз алдыңғы, ортаңғы, артқы ішек, аналь
Қанайналым, тынысалу мүшелері болмайды
Сезім мүшелері өте нашар дамыған
Жынысы даражынысты, 200 000 жұмыртқа салады
Ішексорғы тудыратын ауру бөсір, аскаридоз
Адамның тік ішегінде өмір сүретін құрт үшкірқұрт
Үшкірқұрт мөлшері 10 миллиметр
Үшкірқұрт тудырады соқырішек
Қант қызылшада болатын қылқұрт класының өкілі жіпшеқұрт
Тері астында өмір сүретін құрт суыртқы
Суыртқы тудырады ришта, трихинелла, дракунлез
Суыртқының аралық иесі циклоп
Адамға зияны жоқ, бунақденелілер денесінде паразитті өмір сүретін құрт қылқұрт
Сүтқоректілердің ішегінде, көпіршікті сатысында мида болатын жалпақ құрт ми құрт
ми құрт тудыратын ауру айналма, ценуроз, тентек
Көпіршік тәрізді финкасы адам, сүтқоректілер бауырында өмір сүретін жалпақ құрт эхинококк
Эхинококк тудырады шемен, эхинококкоз
Паразит құрттарды зерттейді гельминтология
Ішекқұрттарды зерттеген ғалым К.Скрябин
Буылтық құрттардың түр саны 9000
Буылтық құрттардағы соңғы қуыс целом
Азқылтанақты құрттар класының өкілі шұбалшаң 10-16 см, тропиктік шұбалшаң 2,5 метр
Азқылтанақты құрттар мекені топырақ
Белдеулілер тип тармағы өкілі сүлік, азқылтандылар
Белдеусіздер көпқылтанақтылар
Азқылтандылар саны 5000
Азқылтандылардың қылтандары әр буылтықта 8
Целом қызметі сұйық күйдегі қаңқа қызметін атқарады
Қантарату жүйесі тұйық
Қанайналым жүйесі арқа, құрсақ қантамыры, сақиналы жүрекшеден тұрады
Азқылтандылар тыныс алуы ылғалды, сілемейлі терісі арқылыалады
Буылтық құрттар жабынының астында сақиналы, бірыңғай салалы бұлшықет бар
Жүйке жүйесі жұтқыншақ үсті, асты түйіндері, жүйке бағанасынан тұрады
Асқорыту жүйесі ауыз, жұтқыншақ, өңеш, жемсау, қарын, ішек, аналь
Сезім мүшелері қылтанымен сипап сезу, жарықты сезу, иіс сезу дамыған
Азқылтандылар көбейеді гермафродит, піллә түзеді, іштей ұрықтанады
Азқылтандылардың жыныс мүшелері 9-15 буылтықта орналасқан
Зәр шығаруы имекті түтікше
Жыныссыз көбеюі регенерация арқылы
Көқылтанақтылар түр саны 7000
Көқылтанақтылар өкілдері нереида, құмқазар
Нереида теңіз суында еркін жүзіп ө.с., жасыл түсті
Құмқазар түсі қошқыл, теңіз түбінде құмнан ін қазып өмір сүреді
Көпқылтанақтылар жынысы даражынысты, сырттай ұрықтанады
Көпқылтанақтылардың дернәсілі трохофора
Көқылтанақтылар денесіндегі бір буда қылтандары бар өскінше параподия
Көпқылтанақтылардың маңызы балықтарға қорек
Нереиданың қанының түсі жасыл
Көқылтанақтылар тыныс алады желбезек арқылы
Сүліктер тіршілік етеді суда
Сүліктерде қылтандар жоқ, бүртіктері және екі ұшында сорғыштары бар
Сүліктер ауызында тістері, үш жағы бар
Сүліктер сілекейінің құрамында болады гирудин
Гирудиннің маңызы қанды сұйылтады
Медициналық сүлікті пайдаланады көктамыр бітелгенде, жүрек бұлшықеті жансызданғанда, миға қан құйылғанда
Сүліктердің бұлшықеттері сақиналы, бірыңғай салалы, қиғаш бұлшықеттер
Сүліктердің тыныс алуы бүкіл денесімен, бүйір тынысалу көпіршіктері арқылы
Сүліктер жынысы гермафродит, іштей ұрықтанып, піллә салады
Сүліктер саны 400
Сүліктердің зәр шығаруы 17 жұп түтікшелі имек, қуығы бар
Паразитті сүліктер жылқы сүлігі
Былқылдақ денелілердің ғаламшардағы саны 130 мың
Тұлға мен бақалшақтың арасында орналасқан шапанша
Былқылдақ денелілердің асқорыту жүйесі ауыз, үккі, жұтқыншақ, қарын, бауыр, ішек, аналь тесігі
Қан айналу жүйесі ашық
Былқылдақ денелілердің жүрегі екі бөлімді, қарынша, құлақша
Зәр шығару жүйесі бүйрек
Бауыраяқтылар класы бас, тұлға, аяқтан тұрады, аяғы бауырын алып жатады
Бауыраяқтылардың өкілдері тоспаұлу, жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы
Бауыраяқтылардың тыныс алуы өкпемен
Бауыраяқтылардың көбеюі қосжынысты, айқаспалы жолмен ұрықтанады
Бауыраяқтылардың саны 80 мың
Жүзім ұлу мен шырышты ұлудың көзі қармалауышының ұшында
Тоспаұлудың көзі қармалауыштың түбінде
Қосжақтаулылырдың түр саны 20 мың
Басы жоқ ұлу қосжақтаулылар, тұлға,аяқтан тұрады
Асқорыту жүйесі басы жоқ болғандықтан өңештен басталады
Тыныс алуы желбезек
Қоректі аулайды кіріс сифоны арқылы
Қосжақтаулылардың өкілдері мидия, устрица, гребешок, меруерттек, кемеқұрт
Қосжақтаулылардың көбеюі даражынысты
Басаяқтылардың саны 800
Басаяқтылардың өкілдері каракатица, кальмар, сегізаяқ
Кальмардың дене мөлшері 18 метр
Аяқтары бірнеше бунақтан тұрады буынаяқтылар
Буынаяқтылардың саны 1 миллион
Буынаяқтылардың денесін қаптайды хитинді қабықша
Шаянтектестердің денесі баскөкірек және құрсақтан тұрады
Шаянтәрізділерді зерттейтін ғылым Карцинология
Шаянтәрізділердің қанайналымы ашық, жүрегі бес бұрышты қалташа
Шаянтәрізділердің зәр шығаруы жасыл жұп без
Шаянтәрізділердің тынысалуы желбезек
Сипап сезу және иіс сезу мүшелерінің, тепе – теңдік қызметін атқарады бір жұп ұзын мұртша
бір жұп қысқа мұртша есту мүшелерінің қызметін атқаратын.
Өзен шаяны дара жынысты жәндік .
Шаян қыс соңында жұмыртқа салады .
Шаянның баскөкірегіндегі аяқтарының саны 5 жұп, 1 жұп қысқыш аяқ, 4 жұп жүретін аяқ
Шаянның құрсағындағы аяқтарының саны 5 жұп қысқа құрсақаяқтарында жұмыртқа дамиды
Құрсағының соңғы буынында құйрық жүзбе қанаты бар
Шаянның ауыз маңындағы үш жұп жақ аяқтарының қызметі қорегін ұсақтау
Шаянтәрізділердің асқорытуы ауыз, жұтқыншақ, өңеш, күйіс қарын, сүзгілі қарын, ішек, бауыр, аналь
Шаянтектестердің көру мүшесі күрделі көз, жинақтап көреді
Шаянның бір жұп қысқа мұртшасы тепе-теңдік, есту мүшесі
Шаянның бір жұп ұзын мұртшасы сипап сезу, иіс сезу мүшесі
Асшаянның күрделі көзіндегі жай көздердің саны 3020
Аналық шаянның жұмыртқалар саны 60, 500-600
Ең ұсақ шаянтектестер 1-8 мм. Дафния, циклоп
Қысқышы жоқ ірі шаяндар омар, таңқы
Өрмекшілерді зерттейтін ғылым Арахнология
Өрмекшітектестердің саны 60 мың
Өрмекшітектестердің денесі баскөкірек, құрсақтан тұрады
Өрмекшітектестердің баскөкірегінде 8 көз, екі күйіс аяқ, екі тұтқы аяқ, 8 жүретін аяғы бар
Өрмекшітектестердің құрсағында үшжұп өрмек сүйелдері бар
Өрмекшінің асқорытуы ішектен тыс
Өрмекші тынысалады өкпе қапшығы, демтүтік
Қанайналымы ашық,қақпақшалы жүрекше
Зәр шығаруы баскөкіректе-сатанбез, құрсақта –мальпигий
Көбеюі даражынысты, күзде пілде тоқып, жұмыртқаларын салып, аналығы өліп қалады
Улы өрмекшілер бүйі, қарақұрт, қыршаян
Суда өмір сүретін өрмекші мизан
Қарақұрттың тіршілігін зерттеген Павел Мариковский
Қарақұрттың ерекшелігі түсі қара, құрсағының үстінде 13 қызыл ноқаты бар, уы ең қауіпті күркіреуік жыланан 15 есе күшті, мамыр-шілде айында аналығының уы күшті болады
кенелерді зерттейтін ғылым акарология
Өрмекшітектестердің тағы бір өкілі кенелер
Кенелердің саны 20 мың
Дене мөлшері мен бөлімі 0,05-13 мм, бас, көкірек, құрсақ
Ересек кененің аяғының саны 8 жұп
Кенелердің дернәсілі нимфа
Үш иелі кене тайга немесе ит кенесі
Ит кенесі тудыратын ауру энцефалит
Достарыңызбен бөлісу: